Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, түгендеу, оқу-құралдарын қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Қоржын»
Сұрақтар:
Күкірттің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны.
Күкірттің электрондық формуласы қандай?
Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері.
Күкірттің физикалық қасиеті.
Күкірт диоксидінің физикалық қасиеті.
Күкірт триоксидінің физикалық қасиеті.
Күкірт диоксидіндегі күкірттің тотығу дәрежесі.
Күкірт триоксидіндегі күкірттің тотығу дәрежесі.
Күкіртсутектің тұздары қалай аталады?
Күкіртті қышқылдың тұздары қалай аталады?
Күкірттің қолданылуы.
Күкірт диоксидінің қолданылуы.
|
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.
|
Дескриптор:
күкірттің қосылыстары
- Әр дұрыс жауапқа 1 балл
|
Сабақтың ортасы
25 минут
|
Ой-қозғау
Бір кездерде химия патшалығында Су ханшайымы мен күкірт алты валентті ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы куанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді. Медбике келіп ұл деп көк лентаны таққанда бірден қызарып кетті. Яғни дүниеге ұл бала емес қыз бала келгенін белгілі болады. Қыздың атын Қышқыл деп қойыпты, әкесінің аты Күкірт екен. Сонда балалар қалай ойлайсыңдар Қыздың тегі қалай болады екен? Күкірт қышқылы.. Сонымен тақырыбымыз «Күкірт қышқылы және оның тұздары».
Күкірттің маңызды қосылыстарының бірі – күкірт қышқылы. Ол екі негізді күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар.
|