Күні
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы Күкірт оксидтері
Сабақтың мақсаты: Күкірт оксидтерінің химиялық қасиеттері, алынуы, маңызы, қолданылуы жөнінде түсінік беру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі- 1 мин.
ІІ. Үй жұмысын тексеру- 10 мин.
ІІІ. Жаңа тақырып өту - 15 мин.
IV. Жаттығулар мен есептер орындау- 18 мин.
V. Үйге тапсырма беру – 1 мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыспаған оқушылардың тізімін алу. Оқушылардың сабаққа дайындығын және сыныптың тазалығын қадағалау. Сабақтың жалпы мақсаты және өткізу жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
А. 1) Күкіртсутектің алынуы мен физикалық қасиеттері
2) Күкіртсутектің қышқылдық және тотығу-тотықсыздану қасиеттері
3) Күкіртсутек қышқылдың диссоциациясы
4) Сульфид-ионының сапалық реакциясы
5- жаттығу.
Zn → ZnS → H2S → SO2 → SO3
1. Zn + S = ZnS
2. ZnS + H2O= H2S + ZnO
3. 2H2S + 3O2 = 2SO2 + 2H2O
4. 2SO2 + O2 = 2SO3
6- жаттығу
Б/ні: Шешуі
w (P) = 27,93% m (P) : m (S) = 27,93/31 : 72,07/32 = 0,9 : 2,25= 1:2,5=
w (S) = 72,07% 2:5
Формула -? Жауабы: P2S5
ІІІ. Жаңа тақырып.
|
Салыстыру объектілер
|
|
Күкірт (IV) оксиді
Күкіртті газ
|
Күкірт (VI) оксиді
Күкірт ангидриді
|
Mr
|
64
|
80
|
Құрылым формуласы
|
O = S = O
|
S
|
Физикалық қасиеттері
|
D(ауа) = 64/29 = 2,2 есе ауадан
ауыр түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ
|
D (ауа) = 80/29 =2,76 ауадан ауыр, ұшқыш түссіз сұйықтық. Суда жақсы ериді
|
Алынуы
|
2S + O2 = SO2
2ZnS + 3O2 = 2ZnO + 2SO2
Na2SO3 + 2HCl = 2NaCl + H2O + SO2↑
|
кат.
2SO2 + O2 ↔ 2SO3
|
Химиялық қасиеттері
|
SO2 + H2O = H2SO3
SO2 + Na2O = Na2SO3
SO2 + 2NaOH = Na2SO3 + H2O
Күкірт (IV) оксиді тотығу-тотықсыздану реакцияларда әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш бола алады
2SO2 + O2 ↔ 2SO3
|
SO3 + H2O = H2SO4
SO3 + Na2O = Na2SO4
SO3 + 2NaOH = Na2SO4 + H2O
5SO3 + 2P = P2O5 + 5SO2
Күкірт (VI) оксиді тек қана тотықтырғыш болады
|
Қолданылуы
|
Мата мен қағазды ағарту үшін және дезинфекциялық зат ретінде медицинада, ветеринарияда, көкініс, жеміс қоймаларын зарарсыздандыруға қолданылады
|
Күкір қышқылын алуға қолданылады
|
IV. Сабақты бекіту.
1. S → SO2 → H2SO3 → Na2SO3 → SO2
2. Көлемі 30 м3 күкірт (IV) оксиді тотығу үшін қанша көлем ауа қажет? (75 м3 ауа)
Есептер жинағынан 3-39
3.Натрий гидроксидінің 200 г ерітіндісі арқылы күкіртті газды жібергенде, 25,2 г натрий сульфиті түзілді. Бастапқы ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?
а) 16 % ә) 8% б) 24%
4.1 т пиритті өрттегенде, оның шығымы 75 % болса, қанша көлем (қ.ж.) күкіртті газ алуға болады?
V. Үйге тапсырма: § 14. Есептерді шығару
1. 1000 м3 күкіртті газды (қ.ж.) күкірт (VI) оксидіне тотықтыру үшін ауаның қандай көлемі жұмсалады?
2. Құрамында 4% қоспасы бар 1 кг күкіртті жаққанда алынатын күкіртті газдың (қ.ж.) көлемі қандай?
3. 1 кг күкіртті жаққанда 630 л (қ.ж.) күкіртті газ алынды. Өнімнің шығымы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |