6. Тұсбағарды пайдалану. (Сарамандық жұмыс)
Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқыту, тұсбағарды көрсете тұрып түсінік айту.
Оқушыларға жекелей тапсырма.
Шаршылардың бірінде кішкене доп, екіншісінде қуыршақ жасырылған.
Қозғалу жағдайы ╬ белгісінен басталады.
Сергіту жаттығуы
6. Шығармашылық тапсырма
І тапсырма. Әкімшілік мектептің қай жақ бөлігіне орналасқан. (Тақтадағы суреттерді орналастыру)
ІІ тапсырма. Өлең ұйқасын тап
Адаспай табасың
Іздеген ... .
Кешікпей ... ,
Тұсбағар ... .
Қорытынды: Нені білемін?
Не үйрендік?
Нені білгім келеді?
Бүгінгі сабақта қандай тақырып қызықты болды?
-Солтүстікке қарама –қарсы қандай бағыт орналасқан?
-Солтүстік батысқа қандай бағыт қарама қарсы?
-Тұсбағар дегеніміз не?
-Көкжиек тұстары нешеге бөлінеді?
-Ертеде адамдар көкжиек тұстарын қалай анықтаған?
-Ең алғаш тұсбағарды қай ел ойлап тапты?
Бағалау: ұпайлар арқылы.
Үйге: Мәтінді оқып, түсінік айту. Жергілікті белгілер бойынша бағытты анықтай білу.
Өз үйің мен мектептің қай жерде орналасқанын дәптерге сызып келу.
Ақтоғай орта мектебі
Тақырыбы:
(Ашық сабақ)
Сыныбы: 2
Пәні: Дүниетану
Пән мұғалімі: Кенжебаева Г.Ә.
Өткен күні: 16.10. 2015 жыл
2015-2016 оқу жылы
Хабарландыру!
Қазаннаң 16-сы күні 2- сыныпта «Көкжиек және көкжиек
сызығы. Тұсбағар» тақырыбында ашық сабақ өтеді.
Уақыты: жерг. 9:45
Компасты қалай қолдану керектігін қазақша түсіндіргенімше түсіндіріп көрейін). Компасты қолданбас бұрын оны тегіс жерге қою қажет. Және тартатын жерін тартып қалғанда ол тек солтүстікті көрсетеді. Себебі солтүстікте магниттік өріс орналасқан. Және сол арқылы басқа да көкжиектерді білуге болады. Және компас жоқ, адасып қалған жағдайда компассыз да жол табуға болады. Мысалы жергілікті жердегі ағаштардың оңтүстік жақ бөлігінде жапырақ көп болады. Мешіттердің төбесіндегі айшығы оңтүстік жаққа қарап тұрады. Немесе құмырсқалар ұясының аузын оңтүстікке қаратады. Қыста адасқан болсаң жерде жатқан қардың оңтүстік жағы төмен солтүстік жағы жоғары болып тұрады. Түнде адассаң солтүстікке Темірқазық жұлдызы бар. Стрелкасы бар сағатпенде анықтауға болады. Ол есіме түсіңкіремей тұр. Бұның бәрі 10 сыныптың Алғашқы әскери дайындық кітабында жазылған.
Көріп пе едің ондайды,
Сағат деуге болмайды.
Қос тілі бар жүгірген
Солтүстікті болжайды.
Қалай бұрсаң бәрі бір,
Көрсетуін қоймайды.
Бұл бір оңай ғажап зат,
Адасудан қорғайды.
Туристік тәжірибеде ең көп тарлған компас – Адрианов компасы. Компас ішінде болаттан жасалған үшкір инеден тұратын магнитті тілі бар дөңгелек қорабша. Қорабшаның ішкі бөлігінде градустық бөліктерге бөлінген шкаласы бар.
Оқулықпен жұмыс.
Көкжиек, көкжиек сызығы туралы түсінік беру.
Көкжиектің негізгі төрттұсы және аралық төрт тұсы туралы түсінік беру.
Б Ш Б Ш
О ОБ О ОШ
Сурет салғанда, сызбалар сызғанда солтүстік бағыт қағаздың жоғары жағында, оңтүстік төменгі жағында, батыс сол, шығыс оң жағында белгіленеді.
Ой толғаныс.
Жергілікті жердің көкжиегін анықтап, суретін салғызу.
Маңайдағы көз жететін кеңістік көкжиек деп аталады. Көкжиек – аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері. Адам төбеге көтерілген сайын, көкжиек кеңейе түседі.
Кеңістіктің аспанмен астасқан жері көкжиек сызығы деп аталады.
Өздерінің үйі мен мектеп аралығын анықтап, қай бағытта мектепке келеді, қай бағытта үйге қайтатынын салдыру.
Рефлексия.
Көкжиек деген не?
Көкжиек сызығы деген не? екеуінің қандай айыпмасы бар?
Жолмен жүріп келе жатқанда көкжиек қалай өзгереді? Тауға шыққанда ше?
Тал түсте Күнге арқаңды беріп тұрғанда, көкжиектің негізгі және аралық тұстарын анықта.
Бағалау.
Үйге тапсырма: мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
Жергілікті жерде бағытталу, яғни, ол көкжиек тұстарына қатысты қозғалыстың бағыты мен адам өзінің тұрған орнын таба алуы деген сөз. Бағытталу үш негізгі іс-әрекеттен тұрады: 1) ориентир бойынша жерді шамалап тану; 2) көкжиек тұстарын анықтау; 3) тұрған жері мен қозғалыс бағытын ориентирге шыққанға дейін анықтау. Бағытталу көкжиек тұстарын анықтағаннан басталады. Көкжиек дегеніміз – ол ашық жерде байқалынатын жер бетінің бөлігі.
Көкжиектің негізгі тұстары: солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс. Көкжиек тұстарын компас, аспан денелері, жергілікті заттар мен құбылыстар және де басқа белгілер бойынша анықтауға болады.
Компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау
Туристік тәжірибеде ең көп тарлған компас – Адрианов компасы. Компас ішінде болаттан жасалған үшкір инеден тұратын магнитті тілі бар дөңгелек қорабша. Қорабшаның ішкі бөлігінде градустық бөліктерге бөлінген шкаласы бар. Компас қорабшасы бекітілген айналмалы қақпақпен жабылған. Көкжиек тұстарын анықтаған кезде, бұрыштарды өлшегенде компасты бағыттау қажет. Ол үшін тежеуішті жіберіп тілінің солтүстік ұшын лимбаның нолімен сәйкестендіру қажет. Көкжиек тұстарын лимбада көрсетілген С, Ю, В, З деген белгілер, яғни солтүстік, оңтүстік, шығыс, батысты білдіреді.
Градустардың мәні сағат тілінің жүрісі бойынша болады. Шкаланың әрбір бес бөлігі 15 градусты білдіреді, яғни бір бөлік з градусқа тең.
Таныс емес жер бойынша қозғалғанда бірнеше ориентир таңдап, қозғалыс жүрісінде жаңасын белгілеп отыру қажет. Әдетте, ориентирлер алыс және жақын деп белгіленеді. Таяу ориентирге қозғала отырып, қозғалыстың жалпы бағытын алыс ориентирмен текмеріп отыру қажет. Егер бағыт өзгерсе, онда жаңа алыс ориентирін таңдалады.
Далалы, шөлді жерлерде бағытталуға ландшафттың біркелкілігі, ориентирлердің аз немесе болмауы қиындықтар тудырады. Орманда ориентир ретінде орман жолдары, өзендер, ашық жерлер, жыраларды қолдану ұсынылады, бағытты компастың бағытымен тексере отырып бағытты анықтайды.
Таулы, қыратты жерлерде бағытталу бағытты шолып отыра алмауы себебінен қиынға соғады. Асуларда, төбелерде жерді көріп бағытты анықтау жақсырақ. Бұл тұрған орын мен қозғалыс бағытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Тауларда риентир ретінде шыңдар, құздар, таулардан ағатын өзендер, асулар болады. Тұманды күндері бағытталу қиынға соғады.
Магнитті аномалия ауданында найзағай кезінде жоғары вольтті линияларға жақын жерлерде компас көрсеткіші нақты болмайды. Бұндай жағдайларда күн, жұлдыздар сияқты аспан денелері, табиғат құбылыстар, өсімдіктер т.б. заттар бағыт жасауға көмектесе алады.
Аспан денелері бойынша көкжиек тұстарын анықтау
Көкжиек тұсын күнді ауа райында түсте анықтаған оңай болады. Ол үшін күнге арқамызбен тұрамыз, денемізден түскен көлеңке тура солтүстікке көрсетсе, ал арқамызда – оңтүстік, сол қолымызда – батыс, оң қолымызда – шығыс болады. Солтүстік жарты шарда күн шамамен сағат 7-де шығыста, 13-те оңтүстікте, 19-да батыста, 1-де солтүстікте болады. Күннің орташа қозғалуы бір сғст бойында 15 градусқа тең болады.
Түнгі уақытта Поляр жұлдызы немесе айға қарап бағытты анықтауға болады. Ол бағытты солтүстікке көрсетеді. Егер поляр жұлдызына қарап тұратын болсақ, алдымызда – солтүстік, арқамызда – оңтүстік, сол жақта – батыс, оң жақта – шығыс болады. Поляр жұлдызының орналасуын Үлкен Аю шоқжұлдызы бойынша тауып алуға болады (1-сурет).
1-сурет
Көкжиек тұсын күн бойынша сағаттың көмегімен анықтау
Кез келген уақытта сағат болса, күн бойынша көкжиек тұсын анықтау қиын болмайды. Ол үшін көлденең орналасқан сағаттың тілін күнге немесе күнге байланысты ориентирге бұрамыз (2-сурет). Сағат тілі мен 1 саны арасын сызықпен тең бөлу қажет. Осы бұрышты теңге бөлген сызық бағытты оңтүстікке көрсетеді. Қателеспес үшін мынаны есте сақтау қажет: оңтүстік сағат 12-ге дейін күннің оң жағында, ал сағат 12-ден кейін сол жағында болады.
Көкжиек - аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы. Алаңқай, ашық жердегі адамға аспан күмбезінің “ернеуі” Көкжиек бойынша жер бетіне тіреліп тұратын сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл тек көрініс қана, шынында аспанда ешқандай күмбез жоқ, сондықтан жер беті мен аспан түйісетін шекара да жоқ. Көкжиек – болжал сызық, шартты ұғым. Бақылаушының тұрған орны өзгерген сайын Көкжиек те өзгере береді. Ол ойпаң жердегі адамға жақын, қырат жердегі адамға алыс болып көрінеді. Көрінерлік Көкжиектің қашықтығы, яғни бақылаушы тұрған орыннан жер бетінің оған көрінетін ең шалғай нүктелеріне дейінгі d қашықтығы сол бақылаушының жер бетінен (теңізде су бетінің деңгейінен) қандай h биіктікте тұрғандығына және айналасындағы жердің бедеріне тәуелді болады.
Жергілікті заттар бойынша көкжиек тұсын анықтау
Күнге қалай орналасқаны бойына заттардың белгілері:
— көптеген ағаштардың қабығы солтүстігінде жуан, қалың болып келсе, ал оңтүстік жағында жұқа, майда болады;
— қарағайдың екінші қабығының діңгегі солтүстік жақтан діңгек бойымен биіктейді;
— ағаштардың, тастардың солтүстік жақтарын мүктер, саңырауқұлақтар басып кетеді;
— құмырсқа илеулері ағаштардың, бұталардың оңтүстік жақтарында орналасады;
— құмырсқа илеуінің оңтүстігі — жазық, ал солтүстігі — тік болып келеді;
— көктемде шөп жабыны солтүстік жақтан көп өскен болады;
— жеміс-жидектер оңтүстік жағынан тез пысып кетеді;
— жазда тастар, ағаштар, бұталар жанындағы топырақ оңтүстік жағынан құрғақ болып келеді;
— қар оңтүстік жақтарынан тез еріп кетеді;
— тауларда емен ағашы оңтүстік жақтан жиі өседі.
Туристік тәжірибеде жергілікті жерде бағытталудың бірнеше ережелері болады;
1. Жорықта үнемі көз мөлшерімен жұмыс істеп отыру керек, көз мөлшерімен ориентирге дейінгі арақашықтықты анықтап, оны карта бойынша салыстырып тексеріп отыру керек.
2. Карта мен жер арасында байланысты ұстап отыру керек, ол жүрілген қашықтықты дұрыс есептеуге көмектеседі. Өткен жолды уақыт пен қозғалыстың орташа жылдамдығын жаза отырып анықтауға болады.
3. Азимут бойынша қозғалыс кезінде бағытты алдыда келе жатқан адам ұстайды.
4. Топографиялық қиын міндеттерді шешкенде, топ жетекшісі болған оқиғаға талдау жасай отырып, топ мүшелеріне өзінің іс-әрекеттерінің жүйелілігін түсіндіріп отыруы керек.
5. Жергілікті жерде ландшафттың артық детальдерін тауып отырып қорытындыға келе салуға болмайды. Карта масштабы қаншалықты аз болса, соншалықты оған көптеген жер детальдері енгізілмей қалады. Жақын ориентирге дейінгі дұрыс өлшенген арақашықтық пен қозғалыс бағыты керек жерді дәл табуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |