растрлық графика. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Пайдаланушы тұрғысынан қарағанда оның мағынасы жеңіл қабылданады. Кішкене тастар көп болған сайын, әсіресе, егер оған алыстан қарасаңыз сурет анық алынады.
Растрлық кескіндерде дәл мозаика сияқты. Текшыны немесе пластмасса тастарының орнына пиксель алынады.
Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне горизонталь және вертикаль бойынша пиксель саны және әрбір пиксель үшін беруге болатын түстер 16,256 және одан да көп түстер санына тәуелді.
Растрлық кескін үлкеюге де, кішіреюге де сезімтал. Растрлық кескінді кішірейткенде көрші орналасқан бірнеше нүкте бір нүктеге тиүрленеді, сондықтан кескіннің ұсақ бөлшектерініңи айырмашылғы жойылады. Кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбенде көруге болады.
Растрлық графиканың артықшылықтары:
Сурет салу қарапайымдылығы және айқындылығы.
Масштабтау қажет болмаған жағдайда күрделі бейнені жылдам өңдеу мүмкіндігі.
Бейнені құру қарапайымдылығы – кез келген ұнаған бейнені сканерден өткізсе болғаны.
Бейнені оңай баспадан шығаруға болады.
Растрлық графиканың кемшіліктері:
Бейнені айналдырудағы және басқа да түрлендірудегі қиындықтар, себебі растрлық бейне бір тұтас объект түрінде беріледі.
Масштабтаудағы, яғни пикселдеудегі қиындықтар, яғни бейнені үлкейткенде бейненің бұзылуы.
Растрлық бейне сақталған файлдың көлемінің үлкен болуы.
Векторлық графика. Векторлық графикалық кескіндер айқын және анық контурларды сақтауды қажет ететін маңызды графикалық обьектілерді (сызбалар, сұлбалар және т.с.с) сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикаға кескінді өрнектеу.
Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлоық кескіндеудің негізгі құндылығы.
Кескіндердің векторлық өрнеткелуі растьырлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлдеқайда аз.
Векторлық графиканың артықшылығы:
Көлемінің шағын болуы;
Оңай масштабтауға болады;
Оңай түзетуге болады.
Векторлық графиканың кемшіліктері:
Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар;
Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады;
Суреттеу алдында алдын ала өңдеуді қажет етеді;
Фракталдық графика - математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фракталдарда детальді сипаттау жады талап етілмейді, сондықтан ол кесікіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фракталдар көп қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар туралы мәлімет береді.
Компьютерлік графикада фракталдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.
Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазірге кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.
Графикалық редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.
Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.