Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма: Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіреді,
берілген жаттығуларды орындатды.
1-тапсырма. Нұрсұлтан Әбішұлының пікірі негізінде ойларын өрбітеді.
2-тапсырма. Ұлттық құндылықтардың ел болашағы мен жастар тәрбиесі үшін иаңыдылығы жайлы пікірталас ұйымдастырады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Ойларын өрбітеді
-Пікірталас ұйымдастырадыү.
8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№2-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
3-тапсырма.М. Шахановтың «Төрт ана», М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңдерін тауып оқып, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.
Дескриптор: Жалпы – 4 балл. -Өлеңдерді оқиды.
8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№3-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
4-тапсырма. Мәтідірөлге бөліп оқиды. Дауыс ырғағына, қарқындылыққа назар аударады.
Мәтіндегі автор көзқарасы мен экспрессивті – эмоциялды сөздердің рөлін көрсетеді
«Ұлттық құндылықтардың жастар тәрбиесіне әсері» тақырыбы бойынша «Балық қаңқасы» әдісі арқылы ойларын дәлелдейді.