Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№1-тапсырма:
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып береді,
берілген жаттығуларды орындатды.
|
1-тапсырма. Кім көп біледі? Қазақтың қандай жыр дастандарын білесіңдер?
Қалай ойлайсыңдар, тасқа жазылған дастандар мен батырлар жырының ұқсастықтары бар ма?
Мәтіннің публистикалық немес ғылыми стиль екендігін қолданылған тілдік құралдар арқылы анықтайды.
Мәтіндегі жалқы есімдерге дыбыстық талдау жасайды.
Мәтіндегі зат есімдерді мағынасынаа қарай мына кесте бойынша топтап жазады.
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Мәтінге байланысты тапсырмаларды орындайды.
|
8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма. Біріккен жалқы есімдердің 3 түрлі жасалу жолына мысалдар келтіріп, сөйлем құрады.
Кім көп табады? Сөздер тобын толықтырып жазады.
|