Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету. Сөз құрамын практикалық жолдармен бекіту. Мәтін, жаңа сөздер, арқылы қазақша сөйлеу деңгейлерін жетілдіру.
білімділік: Тақырыпты түсіндіре отырып,
дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды меңгерту.
Оқушылардың көктем, көктем мерекелері туралы
білімдерін қалыптастыру.
дамытушылық: Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастыру,
мәтін, сұрақ – жауап, грамматикалық тапсырмалар
арқылы ойлау қабілеттерін, ой – өрістерін,сөздік
қорын дамыту, қазақша сөйлеу деңгейлерін
жетілдіру.
тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Көктем – жылы жыл мезгілі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде қар ериді, күн жылынады, бәйшешектер шығады. Сондай – ақ құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар гүлдейді. Көктемде әр түрлі мерекелер бар.