Сабақтың тақырыбы: Көшеде, көлікте.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Сағат саны: 3 (100%)



бет1/8
Дата27.11.2016
өлшемі1,68 Mb.
#2623
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: Стоматология

Курс: ІІ

Семестрі: ІІІ

Кафедра: Қазақ тілі мен латын тілі

Құрастырған: Жакипова А.С.

Шымкент 2012 ж

Кафедра мәжілісінде бекітілді:

Хаттама №

Кафедра меңгерушісі: Г.Н.Джумадиллаева

Cабақ 1


  1. Сабақтың тақырыбы: Көшеде, көлікте.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

  2. Сағат саны: 3 (100%)

  3. Сабақ түрі: тәжірибелік

  4. Сабақтың мақсаты:


оқыту: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин (26% )

Фонетикалық талдаулар жасау.



10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)

Лексикалық тақырып : Көшеде (көше қиылысынан өту)

Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші ол бұрылатын жолдың жүріс бөлігін кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге 5.9 (18.2 – тармағын ескере отырып) ,белгісімен белгіленген жол жолағы бойымен қозғалып келе жатқан маршруттың көлікқұралдарына жол беруге міндетті. Көше қиылысына немесе жүріс бөлігі өтпесіне, егер жүргізушіні аялдауғамәжбүр ететін тығылыс болса, көлік құралдарының көлденең бағыттағы қозғалысы үшін кедергі келтіре отырып шығуға тиым салынады.

Жүргізушіге шолуды шектейтін, ілеспе бағытта қозғалатын көлік құралының алдына түсуге тиым салынады.

Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлік құралы аялдаса, онда көрші жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлік құралдарының жүргізушілері мұның қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалыстыжалғастыра алады.

Қозғалыс кезектілігі бағдаршамның немесе реттеушінің сигналдарымен айқындалатын көше қиылысы реттелетін болып есептеледі.Жұмыс істемей тұрған бағдаршамның жыпылықтыған сары сигналы кезінде немесе реттеуші жоқ болса, ке\өше қиылысы реттелмейтін болып есептеледі және жүргізушілер реттелмейтін көше қиылыстарын өту ережелерін және көше қиылысында орнатылған басымдылық белгілерінбасшылыққа алады.

Грамматикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Жүргізушіге шолуды шектейтін, ілеспе бағытта қозғалатын көлік құралының алдына түсуге тиым салынады.

Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлік құралы аялдаса, онда көрші жол жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлік құралдарының жүргізушілері мұның қауіпсіз екендігіне көз жеткізгенннен кейін ғана қозғалысты жалғастыра алады.

Қозғалыс кезектілігі бағдаршамның немесе реттеушінің сыналдарыомен айқындалатын көше қиылысы реттелетін болып есептеледі.

Жұмыс істемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сыналы кезінде немесе реттеуші жоқ болса, көше қиылысы реттелмейтін болып есептелеледі және жүргізушілер реттелмейтін көше қиылыстарын өту ережелерін және көше қиылысында орнатылған басымдылық белгілерін басшылыққа алады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1-жаттығу.

Мынау- Қарлығаш. Ол жақсы адам. Қарлығаш осында. Анау - Әсет. Ол – оқушы.


  • Қарлығаш, кітаптар қайда?

  • Кітаптар,оқулықтар, қағаздар, дәптерлер әкел, онда жатыр.

  • Қалалар және қарындаштар міне, мында жатыр.

  • Маған жақсы кітап бер.

  • Қара, мына кітап жаман емес, жақсы. Мә, ал.

  • Рахмет.

Словар к тексту.

Қарлығаш – имя девушки

Оқулық – учебник

Онда – там, туда

Жатыр – лежит (-от)

Міне – вот

Мында – здесь, тут, сюда

Маған – мне

Ответьте на вопросы по тексту.


  1. Мынау кім? 2. Ол қандай адам? 3. Қарлығаш қайда жатыр? 4. Анау кім? 5. Ол кім? 6. Кітаптар қайда жатыр? 7.Қаламдар қайда жатыр? 8. Мына кітап қайда?

2.Ответьте на вопросы, используя слова таблицы




  1. Мынау не?

  2. Анау не?

3. Мынау не?


Қалам, аға, әсет, Қарлығаш, кітаптар, егде адам, жақсы адам, тәрелкелер, әжелер және аталар, оқулық, қыздар және жігіттер, жаман қарындаш, жас қыз, қағаздар және дәптерлер, егеу және ббасқа апалар мен әкелер.



  1. Напишите предложения в единственном числе.

Сен қағаздар ал. Мынау – тәрелкелер. Мынау қаламдар емес, қарындаштар. Әсет, сен дәптерлер, ол, маған бер. Осында аналар және әпкелер бар. –Егеулер қайда? – Егеулер осында. – Апалар қандай адамдар? – Апалар жақсы адамдар. Мынау жас адамдар емес,егде адамдар. – Мә балғалар ал. – Рақмет..

12. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау. 10 мин

(7 %)


12. Сабақты қорытындылау. 10 мин (7 %)

1. Қазақстан Республикасының тілі.

2. Тілдің қоғамдағы рөлі.

3. Тіл заңы.



13. Үйге тапсырма беру.

«Туған тілім – ана тілім» шығарма жазу



Сабақ 2

Сабақтың тақырыбы: Дүкенде. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дыбыстардың жіктелуі.

1 Сағат саны: 3
2 Сабақ түрі: тәжірибелік
3 Сабақтың мақсаты:
оқыту: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:

1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж



  1. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  2. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  3. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  4. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин.(26 %)

1. Тіл туралы заң қашан қабылданды ?

2. Тілдің баптары туралы

3. 7- бап туралы



9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)

Лексикалық тақырып: Дүкенде

Алматының Фурманов даңғылында «Рамстор »атты үлкен әмбебап дүкен бар. Сырт жақтан қарағанда дүкен жалт-жұлт етіп көрінеді

Бұл дүкен Фурманов пен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл дүкеннен керекті заттыңбәрін табуға болады..Бұнда кинотеатр да бар.

Дүкен үш қабатты, іші өте кең. Төменгі қабаттан жоғарғы қабатттарға эскалатормен көтеріледі.

Бірінші қабатта көзілдірік, сағаттар сататын бөлімдер, балаларға арналған жасанды мұз айдыныбар. Жалт-жұлт көзіңді аудартады.Екінші қабатта әр түрлі азық-түліктер, оң жағында тұрмысқа қажетті техникалармен киім-кешектерге арналған бөлімдер орын алған.Үшінші қабаттағы барлық ьбөлім ерлердің,әйелдердің,балалардың киімдері мен түрлі маталар саьтуға арналған.

Бұл әмбебап дүкенінің сатушыларының бәрі ұқыпты, сыпайы адамдар және қазақ тілін жақсы біледі.



Грамматикалық тақырып: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дыбыстардың жіктелуі.

Тіл дыбыстары адам ойын білдіру үшін қызмет атқарады. Ол бұл қызметін сөз арқылы жүзеге асырады.өйткені сөздерден сөз тіркестері, сөйлем құралады.

Дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінуі тілдің қатысына байланысты. Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а,о,ұ,ы,у.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)



1-жаттығу Көшіріп дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Тарихшы,таяныш, тәжірибе, тұяқ,фильм,фактісі,хирург, шаһар,шаян,ішек,



2-жаттығу Мына сөздердегі дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратыңдар.

Адам,Әсет,жылқы,өмір,бұлақ,қайнарсайран,үкі, фабрика,хабар,уағыз,ізде,шолпан,вагон, данышпан.



3- жаттығу Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.

Это аудитория. Аудитория на втором этаже. В аудитории есть парты,столы,стулья,доска. На партах лежат книги,тетради,ручки, карандаши. Справа-окно, слева дверь. На стене портреты и плакаты.Учитель- пожилой человек. Он сидит на стуле.Аудитория светлая и просторная.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау. 10 мин (7 %)

12. Сабақты қорытындылау.

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау

13. Үйге тапсырма беру.

Мәтінмен жұмыс жасау

Сабақ 3
Сабақтың тақырыбы : Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңішке түрлері.
1Сағат саны: 3
2 Сабақ түрі: тәжірибелік
3 Сабақтың мақсаты:
оқыту: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.



  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин.(26 %)

Фонетикалық талдау жасау.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)

Грамматикалық тақырып : Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңішке түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бірыңғай жіңішке немесе жуан айтылуы.

Тілдің ұшы ілгері қарай созылып жатуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар деп атайды. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.

Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә,ө,ү,і,еэ,и.у

Қазақ тіліндегі дыбыстардың жіктелуі туралы ойлар көп. Біз соның ішінде негізгісі деген нұсқасын беріп отырмыз. 42 әріп



а, ә,б,в,г,ғ,д,е,е,ж,з,и,й,к.қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ү,ұ,ф,х,һ,ц,ш,щ,ч,ь,ы,і,ъ,э,ю,я

38 дыбыс: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у(дауысты-дауыссыз),ү,ұ,ф.х,һц,ч,ш,щ,ы,і,э.

Жуан дауысты дыбыстар: а,о,ұ,ы,бірде жуан бірде жіңішке и,у.

Жіңішке жауыстылар: ә,е,э,ө,ү,і.у,и.

Ашық дауыстылар: а,э,е,о,ө.

Қысаң дауыстылар : ұ,ү,ы,і,и,у.

Езулік дауыстылар: а,ә,е,э,ы,і,и.

Ерііндік дауыстылар: о,ө,ұ,ү,у.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1-тапсырма.Мына сөздердің ішінен жуан дауысты у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке дауысты у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға  теріп жазу.

Үлгі:жуан у дыбысы:ТАНУ,ҚАЗУ.Жіңішке:тігу,көру:

2-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып көшіріңдер.

Үлгі:Әл...де б...лса с...лқын,б...рл...қ ж...рд... қ...р б...с...п ж...т...р.Әлі де болса салқын,барлық жерді қар басып жатыр.

3-тапсырма.Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты боп келетін 10 сөз тауып жазу.

Үлгі:алма,іні

4-тапсырма.Дауысты дыбыспен басталып,дауысты дыбыспен аяқталатын жер-су аттарын тауып жазу.

Үлгі:Алматы

5-тапсырма.Тек бір дауысты дыбыстан ғана басталатын сөздерден сөйлем құрау.



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау. 10 мин (7 %)

12. Сабақты қорытындылау.

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау

13. Үйге тапсырма беру.

Мәтінмен жұмыс жасау

Сабақ 4

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тіліндегі сөздердің бірыңғай жіңішке немесе жуан айтылуы.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:

оқыту : Студенттерді керекті сөздік қормен қамтамасыз ету.Тақырыпқа, жазу мәнеріне қажетті грамматикалық материалдармен қамтамасыз етіледі.Қазақ тіліне тән дауыссыздар, буынның түрлері,ілгерінді және кейінді ықпалдар.
тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Ұлттық ұғым танымдарын кеңейту.
дамыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен қамтамасыз ету. « Кітапханада»тақырыбында еркін сөйлесуін, тақырыпқа байланысты мәтін құрауға үйренуін қадағалау.


  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:




  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.


Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

8. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин ( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



  1. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин ( 26 %)

  1. Дауысты дыбыстар

  2. Дыбыстардың жіктелуі

Фонетикалық талдау жасау

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин( 33 %)

Грамматикалық тақырып : Қазақ тіліндегі сөздердің бірыңғай жіңішке немесе жуан айтылуы.

Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа т.б.


Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш т.б.


Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан дауысты мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас т.б.

Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екігебөлінеді:


1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
2) қысаң дауыстылыр: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуыарқылы жасалады.
Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б.
Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулікболып екіге бөлінеді:


1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуінен жасалады.
2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. 
Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу т.б.
Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл т.б.

Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы менжазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.

 

ЖАЗЫЛУЫ

АЙТЫЛУЫ

Құрық

Жүгері


Жұмыс

Көңіл


Көркем

Өнер


Орын

Құрұқ

Жүгөрү


Жұмұс

Көңүл


Көркөм

Өнөр


Орұн

 

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтынболып екіге бөлінеді.


Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і.


Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші т.б.
Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер менбіріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екіншіүшінші буындарында кездеседі.

 


БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР

ҚОС СӨЗДЕР

БІРІККЕН СӨЗДЕР

Куә

Дүдәмал


Күмән

Антоним


Лото

Мазмұн


Мағлұмат

Мәжбүр


Дәстүр

Әп-әдемі

Дәрі-дәрмек

Той-томалақ

Құл-құтан

Ат-көпір

Дүние-мүлік

Салт-дәстүр

Күндіз-түні

Күмбір-күмбір


Аягөз

Қараөткел

Орынбор

Көнетоз


Аққұтан

Айнагүл


Меңдіқұл

Жанбота


Келіссөз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет