Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру мақсатында бірінші сабақ болғандықтан 2 минуттық серігу жаттығуларын орындату
«Көк тудың желбірегені» бейнебаянын көрсету.
«Көміртек және оның қосылыстары» үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында «Серпілген сауал»(СТО, Диалог)
Мақсаты: Көміртек және оның қосылыстары туралы еске түсіру.
Дискриптор: Көміртек және оның қосылыстары туралы еске түсіреді.
Сұрақтар: 1.Көміртектің электрондық формуласы. (1s22s22p2)
2.Көміртектің қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? (Алмаз, графит,карбин)
3. Көміртектің валенттік электрондар саны нешеге тең? (4)
4. Көміртектің кристалдық торы қандай? (Атомдық)
5. Адсорбция дегеніміз не? (Өз бетінде газ және басқа еріген заттарды сіңіру құбылысы)
6. Алмаз токты қалай өткізеді? (Токты өткізбейді, ол оқшауланған)
7. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай? (Тетраэдр пішіндес)
8. Графиттен алмаз алуға бола ма? (Жоғары температурамен қысымда жасанды алуға болады)
9. Көміртектің металмен қосылысы қалай аталады? (Карбид)
10. Көміртек сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді? (Тотықтыртырғыш)
11. Көміртектің адсорбциялық қасиетінің адам ағзасына қандай әсері бар? (Адам ағзасын улы газбен еріген заттардан тазартады)