Сабақтың тақырыбы «Күш атасы» Мектеп: «Гастелло орта мектебі»


Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру



бет3/3
Дата20.06.2018
өлшемі314,21 Kb.
#43842
түріСабақ
1   2   3

Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру
1. Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүниежүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. 

2. Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған 


3.Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 


4.1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. 


1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады. 
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбұлға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық, ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.

5. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.


Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. 
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.

Бағалау Медальдармен


2 тапсырма. ТЖ «Алып Қажымұқан»

(Профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)

Қажымұқанның:
1.Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер.

-Сендерге мынадай тапсырма: мәліметке қарап, естеріңде сақтап, парталарының үстінде сандар бар, сол сандарды сәйкестендіріңдер



Слайд арқылы тексеру

Бағалау бармақпен

АКТ

Жаңа білім

10 минут



4. Кітаппен жұмыс

1 – тапсырма. Жазушы Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаятынан үзінді тыңдаңдар.

Бала Қажымұқанның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Дескриптор:

  • Үзіндіні тыңдайды;

  • Кейіпкерді сипаттайды

Мұғалімнің бағалауы

Аудиоматериал

Білімленд

Оқулықпен жұмыс




Сабақтың ортасы

10 минут



Жаңа сөздер: Қамыстай қаусатып-жұлып

Челябинск, Қазан, Уфа, Самара-Ресей қалалары

Қолдану

  • 2 – тапсырма. Мәтінді оқып, кейіпкердің кескін – келбеті мен мінезін өз сөздеріңмен сипаттаңдар.

Қажымұқан

Сағаттың тiлiндей айналған күн өте бердi. Мұқанның қарағайды қамыстай қаусатып, қолымен тартып құлатқаны, талай ауыр жүктi жалғыз тиегенi аңыз болып айтылып жүрдi. Челябинск, Қазан, Уфа, Самарға бiрнеше рет барып та қайтты. Бойы өсiп, буыны қатая түсiп, он сегiздегi жiгiт болды. Қыс ортасы ауып, февральдың iшiнде, үстi-үстiне төпеп қар жауып, Қызылжар айрықша суытты. Масликовтың үйiне отын да, шөп те шақ келмедi. Ауыр жұмыс қайда болса Мұқанды сонда жұмсау әдетке айналды. Айдың аяғына таман iшкi Ресейге кеткен көлiктер келiп, қаладан жиырма шақырым жердегi шөпке, Мұқанның қасына төрт шана қосып, бес көлiк жiбердi. Масликовтың үй үшiне Мұқанның ауыр мiнез, тiл алғыш, тәртiптiлiгi қатты ұнаған едi. Ол қандай жұмыс тапсырылса да орындап келуiне әбден сендi. Сондықтан:

– Митька, (оны Масликовтың үй iшi Мұқан деудi
қиын көрiп «Митька» деп атап кеттi) мүмкiндiгiң болғанша шөптi тез жеткiзуге тырыс.
Басқаларға қарамай, шөбiңдi алдымен тиеп ал да, келе бер. Жолдан келген аттар тiлiн тiстеп аш тұр, – дедi қожасы.– Жарайды, – дедi тiл алғыш Мұқан.

(Қалмақан Әбдіқадыров)
1.Үзіндіде бала Мұқанның қандай қасиеттерін байқадыңдар?

2. Шығарма үзіндісінде суреттелген бала Мұқан халық арасында қандай атқа ие болған? Ол туралы қандай деректер білесіңдер?

3. Мұқан қай қалаларда болды?

4. Қожасы Мұқанға не деп айтты?

5. Шөрті алып келу үшін Мұқанның қасына неше шана қосып, неше көлік берді?

6.Неліктен Мұқанды ауыр жұмыстарға жұмсайтын болды.
Дескриптор:__Кейіпкердің_мінезін_сипаттай_алады;__Сұрақтарға_жауап_береді.__Мұғалімнің_бағалауы:_Жарайсыңдар!'>Дескриптор:


  • Кейіпкердің мінезін сипаттай алады;

  • Сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімнің бағалауы: Жарайсыңдар!
СЕРГІТУ СӘТІ
6. Деңгейлік тапсырмалар

  • 3 деңгей Оқылым мәтінінен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін анықтаңдар. Оларды қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырыңдар.

Дескриптор:

  • Мәтіннен сан есімдерді теріп жазады;

  • Мағыналық түрлерін ажырата алады;

  • Сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрайды.




  • 2 деңгей. «Диктоглос» әдісі бойынша мұғалімнің оқылым мәтінінен таңдап оқыған сөйлемдерін тыңдаңдар. Естеріңде қалған сөздерді қағаз бетіне түсіріп, сөйлем құраңдар. Соңында кітаптағы нұсқасымен салыстырыңдар.

Дескриптор:

- Мұғалімді мұқият тыңдайды

-Естерінде қалған сөздерден сөйлем құрастырады.


  • 1 деңгей. Сөздіктердің көмегімен «тілалғыш», «ауыр мінезді» сөздерінің мағынасын анықтап, оқиғаны жалғастырып жазыңдар.

Дескриптор:

  • Сөздікпен жұмыс жүргізеді;

  • Сөздердің мағынасын анықтайды,

  • Оқиғаны жалғастырып жазады.

Бағалау парағына жауап бергендерін түртіп отырады


Топтық тапсырма




Сабақтың аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


«Ашық трибуна» стратегиясы

-Балалар, Қажымұқанның өмірінен көп мәлімет білдіңдер.

Ал енді өз өмірбаяндарыңды айтып бере аласыңдар ма?

(Әр оқушы өз өмірбаяны туралы айтып береді)
«3, 2, 1»

Оқушылар рефлекторлық экран бойынша



3 – маңызды ақпарат,

2 – туындаған қиындық,

1 – ұсыныс жасайды.

.


Сабаққа қорытынды




Кері байланыс

3 минут

  • «SMS»

Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жемісті жұмыс жасайтыны туралы бір – біріне қысқа хабарлама жазу ұсынылады.




Үй жұмысы: 6 – тапсырма. Екі тапсырманың бірін орындаңдар.

1.Адам бойындағы күш – жігер, қайрат туралы айытылған ұлы адамдардың қанатты сөздерін тауыр жазып, өз ойларыңмен қорытындылаңдар.

2. Ғаламтор мен қосымша әдебиеттерден қазақтың әйгілі балуаны туралы қосымша ақпарат жинақтаңдар. Картадан Қажымұқанның жас кезінде болған қалаларын көрсетіңдер. Сан есімнің мағыналық түрлерін қатыстырып, хабарлама жазыңдар.

Мұғалім

-Ал, оқушылар, сабағымыздың мәресіне де жеттік.

-Айтыңдаршы, балалар, біз сабақ мақсаттарын орындай алдық па?

-Қазіргі уақытта қазақша күрес ойыны бар ма?

-Чемпион аталған балуандарды атай аласыңдар ма?
Абылайхан

Қажымұқан атамыздың батасы:
Биік болсын мақсатың,
Ұзақ болсын жақсы атың.
Өз халқыңа адал бол,
Дала гүлі жас батыр.
Намысы гүлі жас батыр.
Өз ортаңның дүрі бол.
Көпке ұнап істерің,
Жүзге дейін тірі бол.

Қорытынды:
Балалар, барлығың да сабаққа жақсы, белсене қатысты деп ойлаймын. Ендеше, сабағымызды Тұманбай Молдағалиевтің мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Талай-талай мықтымен тайталасып,


Оның жолын ұрпағы қайталасын
Қажымұқандай ұл туған қазағымды,
Күштен кем деп қалайша айта аласың.
Достарына құшағын айқара ашып,
Жомарттығын ұрпағы қайталасын.
Қажымұқандай ұл туған қазағымды,
Мәрт емес деп қалайша айта аламын.

Парақша таратылып беріледі





Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс











Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетінін білдім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет