Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет33/258
Дата12.12.2023
өлшемі32,03 Mb.
#196521
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   258
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ барлыгы

Құндылықтарды дарыту



Құстарға қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым
http://bala.soyle.kz/picture/learn?id=12 сайтындағы жаттығуларды орындайды.

Бастапқы білім



Тырналар жылы жаққа ұшады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



«Сұхбат» ойыны.
Қатар отырған көршісімен сұхбат жүргізеді. Сұхбат аяқталған соң, көршісі туралы 2-3 ақпарат айтады (қандай музыканы, мультфильмді жақсы көреді, немен әуестенеді, немен айналысады және т.б. кез келген ақпарат).
Үй тапсырмасын тексеру
«Тірек сөздер» стратегиясы арқылы сабақтың мазмұнын болжайды.
Жанды табиғат, аспанда ұшу, табиғатты қорғау
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
Әріптердің байланысын сақтап жазамын.




Сабақтың ортасы
30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, анықтама арқылы, қимыл арқылы меңгерту
Жем-құстарға, жануарларға берілетін тамақ
Жем беру, жем шашу
Құстарға жем шашамын.
Марат малға жем берді.

торғай жем шашу


(Ө, Ж) Тыңдалым
Тыңдалым алды тапсырма
http://bala.soyle.kz/picture/learn?id=12 сайтындағы жаттығуларды орындайды.
1. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
2. Берілген әріптерден сөздер құрап, құстардың атын жазады.
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінде оқушыларға таныс емес сөзге түсінік беру.
Төзімді- шыдамды. Суыққа төзімді.
Тыңдалым мәтіні
Тырна, қарлығаш – жыл құстары. Олар күзде жылы жаққа ұшып кетеді, ал көктемде қайтады. Торғай мен көгершін жылы жаққа ұшпайды. Олар суыққа төзімді. Адамдар оларға ұя жасайды және жем береді.
Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды және тірек сөздердің көмегімен мәтін мазмұнын жұбына әңгімелейді (қолдауды қажет ететін оқушылар үшін қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру). Жұптар бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:

  • Тыңдаған мәтін мазмұнын түсінеді.

  • Мәтін мазмұнын айтады.

  • Тірек сөздерді дұрыс қолданады.

Тірек сөздер: тырна, қарлығаш, жылы жақ, торғай, көгершін, ұя жасаймыз, жем шашамыз
(Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді аяқтап жазады.

  1. тырналар, қарлығаштар

  2. торғайлар, көгершіндер

  3. ұя жасаймыз

  4. жем шашамыз

1-2 жұптың жауаптары тыңдалады, пікір айту арқылы бағалау, сабақ соңында дәптерлерін тексеру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   258




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет