Сабақтың ортасы
|
(Ж, Ұ) «Үшіншісі артық» әдісі
Әр қатардан артық сөзді немесе суретті анықтап, себебін түсіндіреді.
Сөйлем үлгісі:1-қатарда ... сөзі артық, өйткені ол ...
Көбелек, қозы, ара
Өседі, қоректенеді, өлмейді
Сиыр, бота, жылқы
Өзгереді, жасыл, ұшады
Қасқыр, жолбарыс, түйе
Тауда, ертең, орманда
Орындап болған соң, кезекпен жұптар жауаптарын оқиды. Қалған оқушылар келісетіндерін/келіспейтіндерін айтады.
(Ө)Тыңдалым.
Сөйлемдерді мұқият тыңдайды. Жасырылған жануарды, құсты, жәндікті анықтап, суретін көрсетеді. Дұрыс жауаптары үшін әр оқушы өзіне + белгісін қойып, ұпай жинап отырады да, өз-өздерін бағалайды.
Бұл- үй жануары. Оның денесі ірі. Екі мүйізі бар. Ол өте пайдалы жануар. Адамдарға ет, сүт береді.
Бұл – жәндік. Гүлге қонып, шырын жинайды. Адамдарды шағады.
Бұл – құс. Ол өте әдемі құс. Мойны ұзын. Ақ және қара түсті болады. Олар жұп болып жүреді.
Бұл –үй құсы. Оның жүнінің түсі әртүрлі болады. Ол адамдарды оятады.
Бұл -дала құсы. Ол өте жақсы ұшады. Оның қанаттары ұзын әрі жіңішке. Ол үйдің шатырына ұя салады.
Мұғалім кері байланыс береді.
(Ө, Т) Жазылым.
Тірек сөздерді пайдаланып, «Жанды табиғат» тақырыбында мәтін құрап жазады.
Тірек сөздер:
Жанды табиғат, жануарлар, өсімдіктер, құстар, жәндік, өседі, өзгереді, ұшады
Дексриптор:
Тақырып бойынша мәтін жазады.
Мәтін құрылымын сақтайды.
Сөздерді дұрыс байланыстырады.
Орындап болған соң, топқа бөліну. Топ ішінде жұмыстарды тыңдап, «үздік жұмысты» анықтайды. Үздік жұмыс иесі тақтаға шығып оқиды.
(Ж) Айтылым. Жанды табиғаттың өздерің қалаған бір түрі туралы диалог құрыңдар.
Жұптар тақтаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі.
Оқушылар дескриптор бойынша бағалайды.
Тақырып бойынша сұрақ қояды.
Қойылған сұраққа жауап береді.
Сөйлемді дұрыс құрайды.
Сөздерді дұрыс айтады.
|
|