(Ө) Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді.
Оқылым мәтіні Жазда атамның ауылына бардым. Атамның қорасында жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі бар. Оларды «үй жануарлары» немесе «мал» деп атайды. Мен атама көмектестім. Малға шөп салдым. Қораны тазаладым. Мәтін соңындағы сұрақтар жеке қағаздарға жазылып, қобдишаға салынады. Бірнеше оқушы қағаздағы сұрақты таңдап, сол сұраққа ауызша жауап береді.
Сұрақтар:
Әлібек жазда қайда барды?
Атасының қорасында не бар?
Үй жануарларын тағы қалай атайды?
Әлібек атасына қалай көмектесті?
Үй жануарлары қандай табиғатқа жатады?
«Шапалақ» әдісі арқылы жауаптарын бағалайды. «Орташа» жауапқа 1 рет шапалақ ұру.
«Жақсы» жауапқа 2 рет шапалақ ұру
«Тамаша» «Өте жақсы» жауапқа 3 рет шапалақ ұру
(Ө) Оқылымнан кейінгі тапсырма
Сөйлем
Дұрыс
Бұрыс
Айтылмаған
Әлібектің атасы қалада тұрады.
Әлібек жазда ауылда демалды.
Атасының малы көп.
Қорада 100 қой бар.
Сиыр үй жануарына жатады.
Әлібек атасына көмектескен жоқ.
Оқушылар қасында отырған көршісімен жұмыстарымен ауысады. Мұғалімнің оқыған дұрыс нұсқамен көршісінің жауабын тексереді және бағалайды.