Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша сөздерді қолданады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша сөздерді сөйлеу барысында қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты пікірін айтады
|
Бағалау критерийлері
|
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша сөздерді қолданады.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданады.
|
Лексикалық минимум
|
Ара, құмырсқа, жәндік, қызғалдақ
|
Грамматикалық минимум
|
Заттың қимылын білдіретін сөздер: секіреді, еркелейді, ойнайды, ішеді
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қоршаған ортаны қорғау
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым
|
Бастапқы білім
|
Менің ақ лағым бар.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Үй тапсырмасын тексеру
«Бос орынды толықтыр»
Ақ лағым
Жар басында ...,
... басына шығады.
Шапқылайды үнемі.
Ақ ешкінің ... .
Алды-артына қарамай,
Кезеді ... жағалай.
... барлық мінезі
Ойынқұмар ... .
«Балмұздақ таяқшалары» әдісімен бірнеше баладан тақпақты жатқа сұрау. «Шапалақ» әдісімен сыныптастарының бағалауы.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.
|
|
Сабақтың ортасы
|
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
Ара
Құмырсқа
Қызғалдақ
Жәндік
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Араны ұстау. Ара адамды шағады.
Қара құмырсқа. Құмырсқа – еңбекқор жәндік.
(Ж) Оқылым. Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Мәтінді оқымас бұрын, сұраулы сөйлемге қойылатын интонацияны еске түсіру.
Диалог мәтіні
-Әлібек, құмырсқа мен ара жанды табиғатқа жата ма?
-Иә, жанды табиғатқа жатады.
-Олар өте кішкентай ғой.
-Сондықтан оларды «жәндік» деп атайды. Жәндік те тамақ жейді, өседі.
2-3 жұп тақтаға шығып диалогты оқиды, қалғандары пікір айту арқылы бағалайды.
Комментарий үлгісі:
Диалогты мәнерлеп оқиды, сөйлемге екпінді дұрыс қояды, сөздерді дұрыс оқиды.
Сергіту сәті
«Еден-төбе-мұрын»
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
(Т) Айтылым. Кестедегі сөздерді қолданып, сұраққа жауап береді.
Бұл не? Ол не істейді?
1-топ: араның әрекетіне қатысты сөздерді анықтайды және бейнелейді
2-топ: құмырсқаның әрекетіне қатысты сөздерді анықтайды және бейнелейді
|
жүгіреді
|
секіреді
|
тамақ
|
Өседі
|
ойнайды
|
тістейді
|
ұшады
|
су ішеді
|
Жүреді
|
жинайды
|
(Ө) Жазылым. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазады.
Керекті сөздер: жатады, ара, жәндік сөздер:, кішкентай, құмырсқа
... мен ... жанды табиғатқа жатады. 2.Оларды «...» деп атайды. 3. Жәндік ... болады. 4. Ара қызғалдаққа қонды.
Орындап болған соң, топқа бірігіп отырады да, дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
(Ж) Айтылым. Рөлдік ойын.
Ара мен құмырсқаның рөлін ойнайды.
Бір-бірінен нені ұнататындарын сұрайды, бір-біріне жылы сөз айтады, дос болуға шақырады.
Тірек сөздер:
Еңбекқорсың, қайырымдысың, қанатың, жақсылық, тату, дос болайық
Жұптар бір-бірінің жауаптарын дескриптор бойынша бағалайды.
Дескриптор:
Тақырып бойынша диалог құрайды.
Диалогта тірек сөздерді қолданады.
Диалогтың мазмұны қызықты.
|
|
Сабақтың соңы
|
Үй тапсырмасы
Жақшаның ішіндегі керекті сөздерді таңдап, сөйлемдерді толықтырып жазады.
Ара мен құмырсқа да жанды (табиғатқа, төлге) жатады. Олар өте (кішкентай, үлкен). Ара мен құмырсқаны (мал, жәндік) деп атайды. Жәндік тамақ жейді(өседі, ойнайды).
Рефлексия
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |