1-тапсырма. Сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Нұр Әлем» ғимараты туралы айтыңдар.
Керекті сөздер: көрме, желдеткіш, шар, ұқсайды
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңдар және жауаптарды бағалаңдар.
«Нұр Әлем» ғимараты
Бұл – «Нұр Әлем» ғимараты. «Нұр Әлем» ғимараты Астанада орналасқан. Ғимараттың сәулетшісі кіші Альберт Шпеер.
Ғимарат үлкен шарға ұқсайды. Ғимараттың диаметрі – 80 метр, биіктігі – 100 метр. Ғимарат шыныдан жасалған.
Ғимараттың жанында адамдар көп. Ғимараттың ішінде көрмелер бар. Ғимараттың төбесінде 2 желдеткіш бар.
«Нұр Әлем» - Астананың жаңа символы.
Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
3-тапсырма. Суреттер мен тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазыңдар.
Тірек сөздер: «Нұр Әлем» ғимараты, орналасқан, кіші Альберт Шпеер, шарға ұқсайды, диаметрі, биіктігі, жасалған, ғимараттың жанында, ғимараттың ішінде, ғимараттың төбесінде
Бағалау «Нәтижелер кестесі» әдісі арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |