Сабақтың тақырыбы: «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»



бет2/2
Дата05.04.2024
өлшемі374,78 Kb.
#200553
түріСабақ
1   2
Байланысты:
«Ұл бала мен қыз бала

Кімнің жұмысы?
Алтай соңғы кезде «Мынау қыздың, мынау ұлдың жұмысы» дегенді шығарып алды. Құндыз жұмсай қалса, соны сылтауратып безеріп отырып алатын болды.
Міне, бүгінде сол қыңырлығына басып отыр. Таңертең шәйден кейін Құндыз:
– Үстел үстін жинай салшы, мен сабағымды даярлайын, – деп еді.
– Иә, саған! Мені қыз дейсің бе? Өзің жина, – деп, далаға шығуға бет алды.
– Ешқайда бармайсың! – деді Құндыз оның алдын кес-кестеп.
– Сабағыңды оқыдың ба өзің?
– Оқыдым. Кеше оқыдым. Тек еңбек сабағын орындаған жоқпын.
– Неге?
– Қалай орындаймын? Апай балаларға да қыздар істейтін жұмыс тапсырды.
– Не тапсырып еді?
– Ей, қойшы. Қыздар тігіп апарса да болмай ма? Ұл бала кесте тіге ме екен, айтшы өзің?
– Тіксе қайтеді? Қане, көрсетші? – деді Құндыз.
Алтай сәл ойланып тұрды да:
– Мен қалай тігем? Ұл кесте тікпейді. Әкемнің кесте тіккенін көрдің бе? – деді.
– Көрдім. Кесте тікпесе, түймесін өзі қадап, киімін өзі өтектеп алады. Өтірік деші, кәне? Киім тігетін де әкелер бар. Оны қыздың жұмысы деп шығарып жүрген сен.
Құндыз үстел үстін жинастыра бастады. Алтай не істерін білмей, қипақтап сәл тұрды да, оған көмектесуге кірісті. Ыдыс-аяқтарды ас үйге тасып жүр. Стол жиналып болған сон, Алтай Құндыздың жанына отырып алып, тағы қыңқылдады:
– Құндыз, мен де саған жәрдемдестім ғой... Кестені тігуге көмектесші.
– Әкеле ғой, – деді бір кезде Құндыз да. Алтай қуана күлімдеп, оның қолына кестелейтін шүберегін ұстата салды.
Құндыз жібек жіп сабақтап алды да, ақ шүберекке қаламмен салынған гүл суретінің үстін бастыра тіге бастады.
– Міне, былай, – деді ол Алтайға, – көрдің бе? Инені былай ұстайсың. Байқап отыр. Сонан соң мына сызықтың үстімен тіге бересің. Түк қиындығы жоқ. Мә, енді өзің тігіп көрші.
Алтай инені алып, амалсыз тіге бастады.
– Ал, – деді Құндыз оған көрсете отырып, – не қиындығы бар екен? Осылай тіге бер. Үйреніп кетесің. Алтай мәз-мейрам. Тігіп отырған кестесі, шынында да, гүл болып келе жатқан сияқты. Бұлардың үстіне мамасы да келіп қалды.
– Мама, – деді Алтай орнынан ұшып тұра келіп. – Міне, қарашы, кесте тіктім!
– Өте жақсы, – деді мамасы оған. – Мынау ұлдың, мынау қыздың жұмысы дейтіні жоқ. Білгеннің пайдасы болмаса, зияны болмайды, балам. Бәрі еңбек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет