ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Мен ұнататын кәсіп түрлері» немесе «Мен өскенде кім болам» деген тақырыпта ой толғам жазу.
ІІІ. Кіріспе бөлім. «Ой шақырту стратегиясы» Ерте – ерте –ертеде Лексика деген патша өмір сүріпті. Лексика атты патшаның қарамағында көптеген қалашықтар бар екен. Бірақ осы күнге дейін ол қалашықтардан олжалы оралған адамдар болмапты. Біз де бүгін Лексика патшалығындағы қалашықтарға саяхат жасаймыз. Әр қалашықтың сендерге дайындаған тапсырмаларын орындап, олжалы оралуларың қажет. Әрбір қалашыққа саяхат жасаған сайын, тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар төрт-түліктен олжа алып отырады.