І.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. «Кезбе тілші» әдісімен үй тапсырмасын сұрау
Дескриптор:
-сұраққа жауап береді
ҚБ: «Мадақтау» сөздермен
Топқа біріктіру 1.Оқушы заттарымен топқа бөлемін.
1-топ: «Бауырластар»
2-топ: «Қандастар »
3-топ: «Туыстар»
Топқа біз түркілерміз сөздерінен өлең жолын құратып, топ ұранын айтқызу
Сабақ мақсатын таныстыру
1-тапсырма «Ойталқы» әдісі
І топ: Түркілерге қандай халықтар жатады?
ІІ топ:Қазақ тарихы-жылқы тарихы
ІІІ топ: Намысындай ешкімге таптатпаған
Автор неге өлеңнің атын «Біз түркілерміз» деп алған? Оқушылардың ойын тыңдау
Дескриптор:
-топ берілген сұрақтарына жауап береді;
-ойларын жеткізе алады.
ҚБ: «Жетон» арқылы
Ортасы 20 мин
Оқушылар өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, қалғаны тыңдай отырып: 2-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі арқылы \ Әр топтан 3 оқушыға мәнерлеп оқыту\ Біз - түркілерміз Біз - түркілерміз...
Біз - түркілерміз!
Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,
Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,
Көк бөріден туғанымыз рас болса,
Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.
Кеудемізді билеген асқақ арман,
Тарихымыз дастан боп таста қалған,
Тірсегіміз тілінген кездерде де
Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.
Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,
Айға қарап ұлыған көк бөрімін.
Атқа мінсем кетемін аруақтанып,
Арасында желік бар ет-терінің.
Атқа мінсем кетемін айбаттанып,
Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.
Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,
Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!
Намысымдай ешкімге таптатпаған,
Түркістанның күмбезі асқақтаған.
Бабаларым жатыр ғой бата беріп,
Аруақтар аманатын ақтап бағам.
Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,
Көк аспандай әлі де күркірерміз.
Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,
Қай дұшпанның алдында іркілерміз?
Біз - түркілерміз!
Біз - түркілерміз!!
Біз - түркілерміз!!!