Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, №2 Аманқарағай мектебінің математика пәнінің мұғалімі Исиргепова Нұрбике Сейтқасымқызы.
Сабақтың тақырыбы: Логарифм және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Логарифм ұғымы және оның қасиеттерін қорытындылау, есептер шығаруда логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін қолдана білу дағдыларын бекіту.
2. Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқушыларды барақпаратты пайдаланып жұмыс істеуге, шапшандыққа, бір-бірлерін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, деңгейлік тест тапсырмалары, ҰБТ материалдары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (1 минут)
Үй жұмысын тексеру:(7 минут)
а) фронтальды сұрау.
1) Натурал логарифм дегеніміз не?
2) Неліктен теріс санның логарифмі анықталмайды?
3) Потенциалдау дегеніміз не?
4) Негізі е болатын санның логарифмі қалай анықталады?
5) Санның логарифмі деген не?
ә) ауызша есептер.
log4x = 2
logx 25= 2
Жарыс картасын құрайық.
Логарифмнің қасиеттеріне шолу жасау.(3 минут)
-
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Бұл кезеңде логарифмнің қасиеттері бойынша алған білімдері тексеріледі. Дұрыс формула алу үшін өрнектердің арасына сәйкес стрелкалар қоюлары қажет.
|
Дұрыс формула алу үшін оқушылар сәйкестікті тауып, стрелка қоюға тиісті.
|
Сәйкестікті тап:
logaxy p loga x
loga(x/y) loga x – loga y
loga xp logax
logax +logay.
Достарыңызбен бөлісу: |