Күні: 20.04.2017
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны: 8
Қатыспағандар саны: -----
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ұлттық тағамдар. Әліпби.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
Сүт-молоко
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
-Балалар қане бір-бірден күн шуағынан ұстап күнге арнап өлеңімізді айтайық.
Күннен жылу аламыз,
Күн шуағын шашады.
Қуанайық бәріміз,
Жарқырайық бәріміз.
Бәріміз тату болайық,
Бәріміз дос болайық.
Балалар бәрі бірге айтады.
-Балалар көңіл – күйлерін қалай қалай ?
- Балалардың жауабы:
-Олай болса мен сендермен тамаша ойынын ойнасам деймін:
Ойын шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтамын , сендер тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп, бас бармақтарынды көтересіңдер
-Біздің мектеп қандай ? Тамаша
- 1 сынып қандай ? Тамаша
- Көктем мезгілі қандай ? Тамаша
- Мен қандаймын ? Тамаша
-Бізге келген қонақтар қандай ? Тамаша
Жақсы балалар бүгінгі күніміз осындай тамаша өтсін.
Қазір қай мезгіл ? – (Көктем)
Көктемде ауа-райы қандай болады ? – жылы,жаңбыр жауады т\б. Дұрыс өте жақсы жаңбыр жауғанда қолыма не аламыз ? – Қолжатыр
Қолжатырлар арқылы оқушыларды топқа бөлемін.
1-топ: Дауысты дыбыстар
2-топ: Дауыссыз дыбыстар
(1 тапсырма) Біздің достарымыз Али мен Мерей сендердің білімдерінді тексереміз деп тапсырма беріп жіберіпті сол тапсырманы орындайық.
1-топ: 1) Әріп дегеніміз не ?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не ?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді ?
2-топ: 1) Дыбыс дегеніміз не ?
2) Сөз неден құралады ?
3) Дауысты дыбыстар дегеніміз не ?
4) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді ?
2-топқада қойылатын сұрақтар:
-Буын дегеніміз не ?
- Тасымал дегеніміз не ?
(2-тапсырма) Жұптық жұмыс.
«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
1-жаттығу
Суретке қарап, әліпбидің қай кезде қолданылатынын айт. Өзің мысал келтір.
2-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.
Сүт ішсең
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
«Ағарған» деп, «ақ дәм» деп,
Аналар төгіп-шашпайды.
Сүт төгілсе «обал» деп,
Аяғымен баспайды.
Өтебай Тұрманжанов
Сұрақтарға жауап бер.
Өлең не туралы?
Сүттің пайдасы қандай?
Сен сүт ішкенді ұнатасың ба?
Сүтті «ағарған» деп неге айтады?
3-жаттығу (1-топ)
Өзің сүттен не жасай аласың? Соның рецебін жазып көр.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
«Апта күндері»
Дүйсенбіде – доп ойнадық алаңда.
Сейсенбіде – серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде – сурет салдық сәндетіп.
Бейсенбіде - би биледік әндетіп,
Жұма күні – жидек тердік қыратта.
Сенбі күні – кино көрдік клубта,
Жексенбіде – үйде болдық демалып.
Осылайша өте шықты бір апта.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
|
4-жаттығу 2-топ
Сызба бойынша сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Сүттен жасалатын тағамдар.
|
|
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут
|
5-жаттығуТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Суреттердің көмегімен сөзжұмбақты шеш.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Смайликтер
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|