Сыныбы: 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Толқын» өлеңі.
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту. Білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Сабақтың міндеті:
Өлең мазмұнын жан –жақты талдау.
Салыстыру, талдау арқылы қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
Өзін –өзі тәрбиелеуге, іс –әрекетіне баға беруге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс –тәсілі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу.
Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақта, А3 форматы, маркер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, сурет, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
1 –топ: М. Жұмабаевтың өмірбаяны, өмір жолы.
2 –топ: М. Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін жатқа айту.
3-топ: М.Жұмабаевтың Шығармашылығы. Жаңа сабақ.
Миға шабуыл жасау.
1.Теңізге барғандарың бар ма?
2.Теңіздегі толқынды көргендерің бар ма?
Толқын дегеніміз-табиғаттың тылсым күші.
Толқынның бірнеше түрі бар.
Толқын
Толқынан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад.
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен
Жарысып жарға барысад.
Толқынмен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып ,
Жарға жетер ентелеп,
Ерке бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусар суымен,
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасын,
Сүйіп сылқ-сылқ күледі.
Жылағаны күлгені
Күлгені оның-өлгені,
Жылай, күле өледі.
Сылдыр-сылдыр сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады .
Жарына бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын, тынады.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1 Толқын көрінісін беруде ақын қандай сөздерге, дыбыстарға сүйенеді?
2. «Мағжан –дыбыстан сурет жасайды» деген пікірді осы өлең арқылы дәлелдей аласыңдар ма?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:
Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |