Жазушы шығармашылығына тоқтала отырып,өлеңнің көркемдік идеясымен таныстыру тақырыбын ашу, ақын өлеңін ел тарихымен тұтастықта қарастыру . Өз ойларын айта білуге,өзіндік қортынды жасай білуге дағдыландыру,шығармашылыққа баулу.
Сілтеме
Әдебиет 95 бет
Оқушы үшін оқу нәтижелері:
Топта жұмыс жасай біледі.Өз ойларын айта білуге,өзіндік қортынды жасауға дағдыланады.
Негізгі идеялар.
Оқушыларды өз бетімен ізденуге бағыттау.Сын тұрғысынан ойлаудан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолдан. материалдар:
Маркер, стикер, флипчарт
Дерек көздері:
Ғаламтор
Деңгей
Берілген деңгей бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
Білу
Әңгімені бөлімне бөліп , Джигсо І әдісі бойынша топта оқыту, постер арқылы қорғату.
Түсіну
«Түркістан» өлеңінің мазмұнына талдау жасату. А . Тұран елі, жері туралы сипаттама. Ә. Тұраннан шыққан атақты адамдар жайында пікірлер.
Поэмадағы түрік пен түркі сөздерінің мағынасын ашу.
Түрік-ұлт. Түркі-туыстас туысқан халықтар атауы.
Қолдану
1. Өлең тіліне талдау жасау.
Эпитет : ер түрік, асыл қан, салқын жас, ерке бұлақ, түрік көк жал, ауыр ой.
Теңеу: отты желдей, қалың өрттей, теңіздей терең, найжағайдай өте шыққан.
Метафора: аппақ шаш-қар, түрі-от.
Аллитерация: Тұранның елі шексіз,шөлі қандай,
Тұранның кемері жоқ көлі қандай?
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса ,шөлді басқан селі қандай!
Метонимия: Шыңғыстың қол бастаған екі көзі—Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе
Мақалдармен үндесетін сөздер:
Шыңғыстан Шағатай, Үкітай,Жошы, Төле—
Атаға тартып туған бәрі-бөрі.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өлең құрылысына талдау
шумақ, 4 тармақтан, 2 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.