Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Түркістан»



Дата04.03.2022
өлшемі15,06 Kb.
#134364
түріСабақ
Байланысты:
stud.kz-20381


45м

8 сынып

Сабақтың тақырыбы:

М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңінің идеясы

Жалпы мақсаты:

Жазушы шығармашылығына тоқтала отырып,өлеңнің көркемдік идеясымен таныстыру тақырыбын ашу, ақын өлеңін ел тарихымен тұтастықта қарастыру . Өз ойларын айта білуге,өзіндік қортынды жасай білуге дағдыландыру,шығармашылыққа баулу.

Сілтеме

Әдебиет 95 бет

Оқушы үшін оқу нәтижелері:

Топта жұмыс жасай біледі.Өз ойларын айта білуге,өзіндік қортынды жасауға дағдыланады.

Негізгі идеялар.

Оқушыларды өз бетімен ізденуге бағыттау.Сын тұрғысынан ойлаудан ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақта қолдан. материалдар:

Маркер, стикер, флипчарт

Дерек көздері:

Ғаламтор

Деңгей

Берілген деңгей бойынша сұрақтар мен тапсырмалар

Білу

Әңгімені бөлімне бөліп , Джигсо І әдісі бойынша топта оқыту, постер арқылы қорғату.

Түсіну

  1. «Түркістан» өлеңінің мазмұнына талдау жасату. А . Тұран елі, жері туралы сипаттама. Ә. Тұраннан шыққан атақты адамдар жайында пікірлер.

  2. Поэмадағы түрік пен түркі сөздерінің мағынасын ашу.

Түрік-ұлт. Түркі-туыстас туысқан халықтар атауы.

Қолдану

1. Өлең тіліне талдау жасау.
Эпитет : ер түрік, асыл қан, салқын жас, ерке бұлақ, түрік көк жал, ауыр ой.
Теңеу: отты желдей, қалың өрттей, теңіздей терең, найжағайдай өте шыққан.
Метафора: аппақ шаш-қар, түрі-от.
Аллитерация: Тұранның елі шексіз,шөлі қандай,
Тұранның кемері жоқ көлі қандай?
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса ,шөлді басқан селі қандай!
Метонимия: Шыңғыстың қол бастаған екі көзі—Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе
Мақалдармен үндесетін сөздер:
Шыңғыстан Шағатай, Үкітай,Жошы, Төле—
Атаға тартып туған бәрі-бөрі.

Атадан ұл туса игі,


Ата жолын қуса игі.

  1. Өлең құрылысына талдау

  1. шумақ, 4 тармақтан, 2 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.




Талдау

Поэманы оқи отырып талдау,жоспар құру, әр шумаққа ат қою

1 шумақ: «Түркістан екі дүние бесігі ғой»


2- шумақ: «Тұран-ер түрік мекені»


3,4,5,6-шумақ: «Тұран табиғаты»
6,7-шумақ: «Тұранның өзен-көлдері»
8-шумақ «Тұран таулары»
9-шумақ: Қазықұрт қасиетті тау болмаса,Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?
10-шумақ: Сиқырлы сырға толы Тұран жері
11-шумақ: Тұранға құмар болған елдің бәрі.
12-шумақ: Ақынның мақтаныш сезімі
13,14-шумақ: Хандары-ардақты азаматтары (Шыңғыс,Шыңғыстан-Шағатай,Үгедей,Жошы,Төле)
15-шумақ: Тарағайдан тараған Темір(Қолбасшы Ақсақ Темір. ХІVғ.1395 ж.)
16,17,18-шумақ Данышпандары-Ұлықбек, Ибн-Сина, Фараби.
19-шумақ Тұран-қара шаңырақ. Қара шаңыраққа түсініктеме беру.
10,21,22-шумақ Хандары. Хандар ұстаған жол
24-шумақ Бабаң бейті—кие, құт.

Жинақтау

«Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін....-» пікірталас, пікір-сыр

Бағалау

  1. «Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

  2. «Хандар—халық қалаулысы»

  3. «Қожа Ахмет баба-қасиетті тұлға» ойтолғау, шығарма жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет