Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»



бет1/6
Дата23.12.2021
өлшемі47,76 Kb.
#127911
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА



Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»
(2 сағаты)
Сабақтың мақсаты: Ақын шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін оқушы өз бетінше іздене отырып ашу.
Міндеті: Мазмұнға байланысты - ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысу, шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттау; СТО - ға байланысты - тақырыпты меңгерту барысында СТО әдістері білімдерін ортаға салып, өз ой - пікірлерін қорытындылау; топтық жұмысқа байланысты – топтағы жұмысты ұйымдастыру, жұмыс нәтижелерін көрсету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, суреттер.
Түрі: Білім - біліктілікті қалыптастыру.
Әдісі: ББҮ кестесі, талдау, пікір сайыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру. Сыныпты үш топқа бөліп, сабақ барысымен таныстыру.
(«Ана», «Аққу», «Табиғат»)
Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Менің Мұқағалиым». Ақынның өзіне ұнаған өлеңдерін жатқа айту.
• Ақын күнделігінен... «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымнен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеп, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...» (М. Мақатаев).

ІІ. Топтастыру стратегиясы.


Мұқағали кім?→ Ақын, данышпан

Бәйге! Бәйге! Бәйге!


Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын
6. Ақынның атасының аты? Мақатай

2 «Табиғат» тобына:


1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
5. Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?

3. «Аққу» тобына:


1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
4. Ақынның жарының аты - Лашын
5. Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»
6. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау»,

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?


Тақырып

Сұлулық
Махаббат
Зұлымдық

• Композициялық құрылымына талдау.


Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: Жетімкөлге аққулардың келуі.
Оқиғаның дамуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуларды атуы.
Оқиғаның шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта айналып келмеуі.

• Шығармашылық тапсырмалар:


1.«Аққу» тобына:
1. Аққудың әсемдігін білдіретін сөз жазыңдар.
7. Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін деталдарды табыңдар.
8. «Табиғат» тобына:
1. Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?

* Ойланайық!


Аққуды атуға бола ма?
2 топ дайындалғанша «Табиғат» тобы мәтіннен өздеріңе ұнайтын үзіндіні дәптерлеріңе жазып алып, оны не үшін таңдағандарың туралы әңгімелейсіңдер.
«Аққу» - жақтаушы топ:
Аққуды атуға болады.
\Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.
Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ.
Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.
Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.
«Ана» - даттаушы топ:

Аққуды атуға болмайды.


Аққу - киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.
Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.
“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.

«Табиғат» тобына өзіндік жұмыс беріледі.


Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние - ау, сен осындай керемет пе ең?
Ана отыр, озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.»
Осы үзінді өзіме қатты ұнады, өйткені шарасыз ананың жай - күйі жаныма қатты батты. Баласы үшін бар құрбандыққа баратын ананың жанкешті бейнесі. Сорлы анаға жаным ашиды.

Сахналық көрініс.


«Аққу» тобы көлде жүзіп жүрген және жаралы аққудың ролін сомдайды.
«Ана» тобы аққуды атқан ана, одан кейінгі ананың зарын сомдайды.
«Автор орындығы».
Егер мен автор болсам...
Поэманы өз ойыңмен аяқтап көр.
Үйге тапсырма:
«Аққу – көлдің еркесі» шағын эссе жазу.

Тақырыбы.М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда». Аққу-Ана-Бала(2-сағат)


Мақсаты:1.Білімділік. Оқуылардың поэма жайында игерген материалдарын
нақтылау, шығармашылық жұмысқа үйрету.
2.ДамытушылықШығармаға жан-жақты талдау жасау арқылы
оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту.
3.ТәрбиелікОқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны
қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Білімді бекіту сабағыӘдіс-тәсілдерСТО әдістері
Көрнекілігі: слайд материалдарыПәнаралық байланыс Музыка, биология.
Сабақтың құрылысы: СТО стратегияларын қолдану
1. Қызығушылықты ояту сатысы: 1) Ассоциациялау
2) Категориялық топтастыру
2. Мағынаны тану сатысы: 1) ББҮ кестесі
2) Семантикалық карта
3. Толғаныс сатысы: 1) Эссе
2) Бес жолды өлең
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру жұмыстары. 1)Оқушылармен амандасу
2)Сыныптың сабаққа дайындығын пысықтау.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кіріспе сөз: Әр ғасырдың біртуар адамы болады.Зымыран уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз боп қадалған Абай, Мағжан, Қасым, ...Мұқағали болар?Мұқағали «Абай жаққансәулені» сөндірмей, кейінгі ұрпағына қалдырды.Сол жыр сәулені лаулатарақын келеріне сенді.
Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын бал мен у тамызатын- деген болатын.
Әр ақынның өнер-болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда –ой, Мағжанда – махаббат, Қасымда – от, Мұқағалида қасиет басымырақ.Табиғат -Ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді:
Табиғат, жанымды алсаң алшы менің,
Бір түйір жерге түскен тамшы едім,
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім,-деп ақын таусыла жырлайды.
Ақынның өзін тыңдап көрелік.
Поэзия.
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім.
Қарауытқан таңдардан сені іздедім... Әрі қарай оқушылардың үйден дайындалып, жаттап келген«Менің Мұқағалиым» тақырыбында ақынның өзіңе ұнаған өлеңін жатқа айту және сенің Мұқағалиің екенін дәлелдеу тапсырмасы сұралады.Сұрақ: «Сенің Мұқағалиің қандай?»
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Слайдтағы Мұқағали сөзімен үй тапсырмасын қорытындылау.
«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем.Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...»
М.Мақатаев
Оқушыларды топқа бөлу. (Молекула, атом4)
ІІІ.СТО стратегияларын пайдалана отырып жаңа сабақты бастау.
Біз Мұқағали ақынды –поэзия патшасы десек, ендеше,поэзия патшалығыа сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші.Іске сәт!
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тыңдау
1. Қызығушылықты ояту сатысы.Оқушылар екі топқа бөлінген болатын.
1) Ассоцияциялау
Сұрақ. Поэма не туралы жазылған? Кейіпкерлері кімдер?
Жеке жұмыс.Оқушылар жеке ойланып, өз білетіндерін дәптерге жазады.
Жұппен жұмыс. Бірін-бірі тексеріп, алып қосарларын қосады.
Топпен жұмыс.Барлығы бірігіп қажет дегендер тақтаға жазылады.
Мыс: аққу,ана,бала,жылқышы,сәуегей қарт,әке...

2) Категориялық топтастыру


Сұрақ. Басты кейіпкерлерге сипаттама бер.Ана-Аққу-Бала
Оқушылар әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін алғашқы тапысрмаға қосыптолықтырады.
Жеке жұмыс.Оқушылар жеке ойланып, өз білетіндерін дәптерге жазады.
Жұппен жұмыс. Бірін-бірі тексеріп, алып қосарларын қосады.
Топпен жұмыс.Барлығы бірігіп қажет дегендерді тақтаға жазады.
2. Мағынаны тану сатысы. Оқушылар, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білеміз?
1)ББҮ кестесімен жұмыс

Білемін
Білгім келеді Үйрендім


Оқушылар поэма туралы не білетіндіктерін жазады.Жоспар түрінде көрсетуге болады.
Поэма мазмұнынан басқа не білгің келеді?
(оқушылар сұрақтар жазады) Сабақтан қандай жаңа ақпараттар алдың?
(оқушылар мәтінен алған жауаптарын толықтырады)
Еске түсіріп жіберу.Поэма қалай басталып еді?
Поэма қалай аяқталды?
«Аққу»мәтінін беру.Оқушылар мәтінмен танысып, өздері білмейтін жаңа мәліметтерді, жаңа ақпараттарды дәптерлерінің «Үйрендім» бөліміне толтырады.
Аққу
Аққулар (лат.Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген.
Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см.
Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Олардың мойындары 20—25 омыртқадан тұрады. Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түк-пірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққулар судың тайыз жерлершен қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.
Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.
Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстандымекендейтінекеуі – сыбырлақжәнесұңқылдақаққулар. КішіаққутундраданқыстайтынжерлерінеұшқанкездеҚазақстандакездеседі.
Қазақтараққудыкиеліқұсдеген:
• Аққуқұсыәдеміқұсболғандықтан, жалпыақтүстіболыпкеледі - сұлулыққатеңеген. Қазақтыңәдеміқыздарынаққуғатеңеген.
• Құстардыңішіненжұптасыпөмірсүретінбірден-бірқұс.
• ЕгерЖұбынанайырылыпқалса, не біреуіқазаболса, екіншісіадамшақайғырып,ауырыпөлугебарған. Осы жағдайданкейінекіншіаққуғақосылмайтынболған.
Осыданқазақхалқы "Аққудыатуғаболмайды", "Махаббаттарыңайдындажүзгенқосаққудайболсын" -деген дана сөздерқалдырған.
Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү¬лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

2)Семантикалық карта

Кейіпкерлер сөзі Ана Әке Жылқышы Тәуіп шал
......
......
.....
.....

Оқулықпен жұмыс. Әр оқушы кейіпкерлерге сәйкесті сөздерді мәтіннен алып толтырады.


3. Толғаныс сатысы. Балалар, поэма мазмұнымен, аққулардың тіршілігімен толық таныстық. Қалай ойлайсыздар, поэмадағы бақытсыз жан кім?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
1) Эссе. «Поэмадағы ең бақытсыз жан кім?»
Ендеше өздеріңді сол рөлге қойып көріп, себебін 5 минут уақыт аралығында жазып беріңіздер. Мұғалім өзі де бірге орындау.
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

2) Бес жолды өлең. Балалар, бүгін біз сабағымызда аққу, ана, бала туралы сөз қозғадық.Ой бөлістік. Енді « Аққу-Ана-Бала»тақырыбын негізге ала отырыпмына сызбаны пайдалана отырып сызбаға сәйкесті мәліметтерді толтыра қояйық.

1-жол 1 зат есім (кім?) Аққу Ана Бала
2-жол 2 сын есім (қандай?)
3-жол 3 етістік (не істеді?)
4-жол 4 сөзден тұратын мағыналы сөйлем
5-жол тақырыптың синонимі
Сабақты қорыту. Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, -депті ақиық ақын.
Т.Молдағалиев: «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін айтамын.Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1973жылы «Жалын» альманағында жарияланды.Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым.»Тұмаш осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым.Разы болып,мына алтын қаламды сыйлады»-деді Мұқағали.Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің,Мұқа» Ғабең ұнатса бүкіл халық ұнатады деген сөз»-дедім тебіреніп.Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды.Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді. Мұқағали –жыр жазудың шебері.Осы поэмада басы артық дүние жоқ.Абай айтқандай, «теп-тегіс,жұмыр келсін айналасы»деген өлшемге компазициясы да сыйып тұрған поэма.
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су,
Таранып қаранады жан-жағына,
Сұлуды тасалама ,көк торғын құс!
Құрметті шәкірттерім, ақын Ф.Оңғарсынова “Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық” деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар!

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша бірін -бірі бағалайды

Үйге тапсырма. Поэмадан өздеріне ұнаған жерлерінен үзінді жаттау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет