Сабақтың тақырыбы М. Тәнекеев. Қажымұқан Сілтеме



бет1/7
Дата02.02.2017
өлшемі5,9 Mb.
#8520
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Досжанова Гүлдәрі Бақытжанқызы


Әдебиеттік оқу

3 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы

М. Тәнекеев. Қажымұқан

Сілтеме

Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Алып Қажымұқан палуан өмірімен танысып, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйренеді; есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге; спорт түрлерімен шұғылданатын, шыныққан азамат тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

Балуан өмірімен таныса отырып мәтін мазмұнымен танысады, жүйелі сөйлеп, спорт түрлерімен шұғылданатын, шыныққан азамат болуға тырысады.

Негізгі идеялар

Балуандарымызды дәріптеу

Тапсырмалар

«Ой қозғау», жұптық, топтық жұмыстар

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезең

«Шаттық шеңбері»

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз

-Оқушыларды смайликтер арқылы топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Мен мұны білемін!

Нығмет Ғабдуллин «Комбаттың әңгімесі» мазмұнын сұрау

Ә.Молдағұлова жайлы жинақтаған мәліметтерін тыңдау

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі

-Балалар бұл әңгімеде тарихтағы қандай жылдар туралы айтылған?

-Ұлы Отан соғысы

-Дұрыс айтасыңдар.Бұл соғыста жеңіске бір табан жақындауына тылдағы адамдардың да еңбегі зор. Осы соғыста қандай техника түрлері жұмылдырылған?

- Зеңбірек, мылтық, танкі, ұшақ...

-Міне, осы соғыс кезінде өз қаражатына сатып алып, ұшақ жіберген адамдардың бірі Қажымұқан атамыз екен. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың аты Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан» мәтінімен танысамыз.

ІV.Мағынаны тану





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет