6-тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
1. Әл-Фараби - кім?
2. Ол - қандай ғалым?
3. Ол қандай салаларға қызыққан?
4. Ол қай қалада дүниеге келген?
5. Ғалым неше тіл білген?
Дескриптор. Білім алушы
Мәтінді тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
7-тапсырма. Мәтіннің соңғы абзацы бойынша етістіктерді теріп жазып, шақ түрлерін ажыратыңыз.
Дескриптор. Білім алушы
Етістіктерді теріп жазады.
Етістік шақтарын ажыратады.
Етістіктермен сөйлемдер құрастырады.
Өзіңді тексер!
Аңсаған, жойылған-өткен шақ
Көмектеседі, көтереді, болады, жібермейді - ауыспалы осы шақ
Ол туған жерін аңсап жүр. Жастар қарттарға көмектеседі.
Ол ағасын құшағынан көпке дейін жібермеді.
Жазылым 3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді жаз.
1. Ол шығарма... үш рет оқып шыққан. 2. Толық қоғам өзі үш түрлі:
үлкен, орташа және кіші. 3. Енді осы қалалар... өзін «ізгі» және «надан» деп екі... бөледі. 4. Надан қалаларды Әбу Насыр сегіз түрге бөле..... 5. Олардың ұғымынша, өмір... ең асыл ләззаты байлық.... билікте. 6. Оның ойынша, ізгі қала тұрғындарының дені бақыт... білім.... өнер..., зергер, еңбексүйгіш, меймандос, шыншыл болады. 7. Бөлмелер... төбесі кілең күмбезденіп қосылған,
тас төбе... сәуле түсетін, ауа кіретін дөңгелек ойықтар... бар.
Дескриптор. Білім алушы
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді жазады.
|
Мәтінді тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Етістіктерді теріп жазады.
Етістік шақтарын ажыратады.
Етістіктермен сөйлемдер құрастырады.
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді жазады.
|