1-тапсырма.Тыңдалым мәтінін мұқият тыңда, сұрақтарға жауап бер.
Қазақ жері неткен керемет,неткен бай! Елі алып,жері ұлан-ғайыр.Қазақстанның картасына қараңдаршы:оның алып, ұлан-ғайыр екеніне көз жеткізесің. Қазақстан Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан. Оның аумағы 2 724,9 мың шаршы метрді құрайды. Өз аумағы бойынша Қазақстан Еуропалық одақтың он екі елінен үлкен! Қазақстан Қытаймен, Қырғызстанмен, Түркмениямен, Өзбекстанмен және Ресеймен шектеседі. Шекараның жалпы ұзындығы-15000 км.
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егеменді мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Осындай алып жерде шикізат пен қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді. Мынадай қазба байлықтар: қорғасын,вольфрам, марганец, мыс,уран,алтын,темір, көмір, газ, мүнай бар. Бүл- ғаламат байлық.
Сұрақтар:
Сен қандай мемлекетте тұрасың?
Сенің елің қандай мемлекеттермен шектеседі?
Сен тұратын жерде қандай қазба байлықтары бар?
Дескрипторы:
- мәтінді тыңдайды.
-мәтін мазмұнын біледі.
-берілген сұрақтарға жауап береді.
Тілдік бағдар
Сын-қимыл үстеуі қимылдың түрлі сапасын, тәсілін, бейнесін білдіреді. Ол қалай? Қайтіп? Қалайша? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: тез, осылайша, іштей, орысша. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді т. б.
|