ҚБ: Топық жұмысты«Стикерлер» әдісі арқылы бағалау.
Сергіту сәті:
«Атомдар мен молекулалар» Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір - бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
2-тапсырма. «Кір жаятын жіп» әдісі
Мәтіннен сөздік қор мен сөздік құрамға мысалдар келтіріп жазыңыз.
Сөздік құрамға енген сөздердің жиі немесе сирек қолданатынын анықтап, айтыңыз.
Сөздік қор
Сөздік құрам
Дескриптор:
Мәтіннен сөздік қорға 5 мысал келтіреді;
Сөздік құрамға 5 мысал келтіреді;
Сөздік құрамға енген сөздердің жиі,сирек қолданатынын анықтайды.
Қолдауды қажетті оқушыларға 1-2 мысал жазылған парақшалар таратылады.
ҚБ: тапсырманы «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша бағалау.