Сабақтың тақырыбы: «Мамандық таңдау маңызды іс»



Дата20.06.2018
өлшемі60,5 Kb.
#43541
түріСабақ
Сабақ: Қазақ тілі Күні: 12.12.2017ж. Сыныбы: 10 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Мамандық таңдау - маңызды іс»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу. Осы тақырыпта сөйлеуге, сөйлесе алуға үйрету.

Дамытушылық: жеке басының тұлғалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту. Сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: болашақта мамандық таңдауда қателеспеуге, мамандық таңдау ісіне ыждаһаттылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, презентация, жазу

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

ІІІ. «Миға шабуыл»



  1. Қазақстан қандай мемлекет?

  2. Азаматтың мемлекет алдында қандай парызы бар?

  3. Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

  4. Қазақстанды кім басқарады?

  5. Сот билігі қандай қызмет атқарады?

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Кіріспе сөз.

Мұғалім алдымен оқушылардың назарын бүгінгі сабақтың тақырыбына аударады.

  1. Оқушылар өздері білетін мамандық атауларын, олардың атқаратын қызметтерін жазады.

  2. Әр оқушы жазған мамандықты атап шығады.

  3. Мұғалім «Мен мамандық таңдаймын» деген презентация көрсетті.

V. Сөздік жұмыс

еншісіне бұйырмау-не суждено

бекер айтпау – не говорить напрасно

құлшыныспен кірісу-приступить к работе с энтузиазмом

жұмысынан ләззат алу- получить удовольствие от работы

нәтиже беру – давать результат, иметь успех

сүйіспеншілікпен – с любоью

(оқушыларға жаңа сөздермен сөз тірсестерін және сөйлемдер құрастыру тапсырылады)


VІ. Мәтінді тыңдау, түсініп оқу

  1. Сұрақтарға жауап беру

А) Адам қандай жағдайда қателеспеу керек екен?

Ә) Мамандық таңдағанда не үшін қателеспеу керек деп ойлайсындар?

Б) Өз ісінің нағыз маманы атану үшін не істеу керек?

В) Мамандық таңдауда кімдердің көмектерінежүгінуге болады?

Г) Таңдауды кімге қалдырған дұрыс деп ойлайсыңдар?


  1. Жаттығулармен жұмыс

4-тапсыорма сөйлемдерді аяқтау (оқушылар сөйлемдерді аяқтап, толықтырып жазады).

VІІ. «Ережені еске түсірейік!»

(Мұнда мұғалім ілгерінді және кейінді ықпалды еске түсіріп, пысықтады)
6-тапсырма бойынша оқушылар қарамен жазылған сөздерден ілгерінді ықпал заңын көрсету тапсырмасын орындайды.

1. Мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. 2. Өзі қаламайтын мамандықпен жұмыс істеп жүргендер де бар.3. Сәуле Талдықорған қаласындағы оқу орындарының біріне құжаттарын тапсырғалы жүр.


VІІІ. «Дұрыс жауабын» тап


1. Дәрігер – адам өмірінің

а) арашамысы, қорғаушысы

2. Ұстазы жақсының

ә) ұстанымы жақсы

3. Еңбек қылмай тапқан мал

б) дәулет болмас

4. Еңбек етсем

в) ертеңгі бақытыма сенемін

5. Мың мамандық – бәрі бар

г) таңдап, талғап бірін ал

6. Мамандық дегеніміз

ғ) адамның еңбек қызметінің түрі

7. Армандаған жан

д) мақсатына жетеді

8. Жатқанға жан жуымас

ж) жалқауға мал құралмас

9. Көз қорқақ

з) қол батыр

10. Қолы қимылдаған адамға

и ) кедейлік жоқ

ІХ. Үй тапсырмасы

3-тапсырма 121 бет
Х. Рефлексия кезеңі.

Сыныпқа рефлексиялық – танымдық тапсырмалар беріліп, талданып, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, ой қорытындысын жасайды.


ХІ. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.



Сабаққа өзіндік талдау
2016 жылдың 12 қаңтары күні 10 «А» сыныбында қазақ тілі пәні бойынша өтілген «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбы бойынша сабағыма оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстарып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін толықтырып, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, болашақ мамандықты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, эстатикалық тәрбие беру.

Сабақта сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, баяндау, талдау, іздену сияқты әдістерді, компьютермен интерактивті тақтаны қолдандым.

Сабақ дәстүрлі болғандықтан үй тапсырмасын тексеру мен сұрақтар қою арқылы қайталап, жаңа сабақты түсіндіруге шағын сұхбат арқылы тілдерін дамытып, ауызша ойларын жеткізе білуге талап қойдым:

1. Адам қандай жағдайда қателеспеу керек екен?

2. Мамандық таңдағанда не үшін қателеспеу керек деп ойлайсындар?

3. Өз ісінің нағыз маманы атану үшін не істеу керек?

4. Мамандық таңдауда кімдердің көмектерінежүгінуге болады?

5. Таңдауды кімге қалдырған дұрыс деп ойлайсыңдар?

Кіріспе сөзде мамандық адам өмірінде алатын орны туралы әңгімеледім.

Мамандық түрлері презентация арқылы таныстырып, оқушылардың қандай

мамандықтар білетіндері сұралды. Сабақты дамыту мақсатынджа «Дұрыс жауап бер» деген тақырыпта жазбаша тапсырмалар орындалды.

Білім дамыту мақсатында ілгерінді, кейінді ықпал ережесін еске түсіріп, сөйлем талданды. Сабақ рефлексия арқылы бекітілді.

Сабақта оқушылардың жауаптары мен білімдері бағаланды, үйге тапсырма берілді. Осы тақырыпты түсіндіру арқылы сабақтың қойылған мақсатына жеттім.


Мұғалім Камбарова Ж.Х.

Ой пікір
Қамбарова Жамиля Хасенқызы маған 5-ші сыныптан бастап қазақ тілі пәнінен сабақ береді.

Біздің мұғалім - өте жақсы адам, мейірімді. Бізге қазақ тілін жақсы түсіндіреді. Маған сабақтары ұнайды. Ол бізге көп көңіл бөледі. Жақсы бала болуға үйретеді, тәрбиелейді.

8-ші сыныптан бері қазақ тілі пәнінен олимпиадаға қатысып жүрмін.

2014 жыллы қалалық олимпиадаға қатысып ІІІ орын алдым, 2015 жылы ІІ орын алдым. Биыл «Ертегілердегі ұлттық әдеп-ғұрып пен ұлттық құндылықтар» атты ғылыми жоба жазып жатырмын. Ғылыми жоба жасау барысында менің ертегіні таңдау себебім, алдымен қазақ тілі мен әдебиетін оқып үйрену үшін ертегіден бастағанды қаладым.

Жамиля Хасенқызы мені қазақ тіліне үйретіп ғана қоймай, қазақ тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін үйретіп келеді.

Оқушылар Жамиля Хасенқызын жақсы көреді, сабаққа белсене қатысады.



10 «А» сынып оқушысы Николаев М.

Сабаққа өзіндік талдау
2015 жылдың 10 желтоқсаны күні 8 «А» сыныбында қазақ тілі пәні бойынша өтілген «Қазақстан қалаларына саяхат. Семейдегі ескерткіштер» тақырыбы бойынша сабағыма оқушылардың Семей қаласындағы ескерткіштер туралы білімдерін бұрынғыдан да тереңдету; жаңадан бой көтеруген ескерткіштер туралы мәлімет беру, оқушылардың таным дүниесін кеңейту, сүрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптарды қайталап бекіту;

Дамытушылық мақсаты: жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын молайту, дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыруды жалғастыру.

Тәрбиелік мақсаты: өз Отанына деген сүйіспеншілік, соның ішінде туған қалаларына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, өз қалаларын құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интерактивті тақтамен саяхат сабақ.

Сабақты түсіндіру барысында баяндау, сұрақ-жауап, талдау, іздену сияқты әдістерді қолдандым.

Үй тапсырмасын тексеру: «Менің қалам» атты шағын шығарма жазу.

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын қазақстандағы қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді білесіңдер? Деген сұрақ қойдым. Оқушылар сұраққа жауап берді, себебі олар «Тарихи-мәдени ескерткіштер» атты мәтінімен танысқан.

Жаңа сабақтың алдында «Ой шақыру» әдісін қолдандым.

Семей ескерткіштері дегенлде ойларына қандай ескерткіштер келеді?

Ескерткіштер туралы білімдерін кеңейту туралы мәлімет бердім, сол ескерткіштерге саяхат жасадық. Сабақ қызықты өтті, әр түрлі грамматикалық жұмыс өткіздім.

Өткізілген сабағым мақсатына жетті.

Мұғалім Камбарова Ж.Х.

Сабаққа өзіндік талдау
2015 жылдың 14 желтоқсаны күні 9 «А» сыныбында қазақ тілі пәні бойынша өтілген «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбы бойынша сабағыма оқушылардың білім деңгейін көтеру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру, сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақта сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, баяндау, талщдау, іздену сияқты Сабақ ІV турдан тұрды.

І. Сәлемдесу (топтар қазақша, орысша, ағылшынша өз аттарын таныстырды).

ІІ. «Сөз қаруы - ой» сурет бойынша әңгіме құрастыру (3 тілде).

ІІІ. «Қанат қақты» капитандар сайысы.

ІV. «Тапқырлар» жұмбақ сайысы (жауабын 3 тілде айту).

V. «Сен білесің бе?» әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

VІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

Кіріспе сөзде тіл адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімеледім.

Содан кейін 3 мұғалім қазақ тілінен Камбарова Ж.Х., орыс тілінен Жуйрикбаева С.К., ағылшын тілінен Потягайлова И.Е. ұлағатты сөздерді оқып, түсіндіріп шықты.

Сайыс басталды, үш ел қазақ, орыс, ағылшын өз білімдерін көрсетті.

Осы сабақтыөткізу барсында көрнекіліктер, компьтер мен интерактивті тақта, түрлі-түсті суреттер қолданылды. Топтық жұмыс, дамыту және бекіту мақсатында өз пікірлерін айту.



Өткізілген сабағым мақсатына жетті.

Мұғалім Камбарова Ж.Х.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет