Машиналық оқыту тапсырмаларының көпшілігін “бақыланатын оқытуға” (supervised learning) және “бақыланбайтын оқытуға” (unsupervised learning) бөлуге болады. «Бақыланатын» түсінігінде адамның мәліметтерді өңдеуге араласуы деп түсініледі. Адам машиналық оқытуға араласқан кезде бізде белгілі бір болжамалы ақпараттар бар. Ал адамсыз оқу кезінде бізде тек анықталатын мәліметтер болады.
Бақыланатын оқыту. Мысалы, бізде Алматы қаласындағы 10 000 пәтерлер туралы мәліметтер бар. Сондай-ақ, әр пәтердің ауданы, бөлмелер саны, орналасқан қабаты, автотұрақтың болуы, метро станциясына дейінгі қашықтық және басқалары белгілі. Сонымен қатар, әр пәтердің құны белгілі. Біздің міндетіміз — осы белгілер негізінде пәтердің құнын болжай алатын модель құру. Бұл бақыланатын оқытудың классикалық мысалы. Мұндай тапсырма регрессиялық есеп деп аталады. Басқа мысалдар: әр түрлі медициналық көрсеткіштерге негізделген ақпараттар бойынша науқаста қатерлі ісіктің бар-жоғын болжау. Немесе электрондық поштаның мәтініне сүйене отырып, бұл спамның ықтималдығын болжау және т.б.
2. Бақыланбайтын оқыту. Бұл оқыту өте қызықты болып келеді. Себебі біз нақты дұрыс жауабын білмейміз. Мысалы, бізге белгілі бір адамдардың бойы мен салмағы туралы деректер берілсін. Деректерді 3 санатқа (немесе топ) топтастыру керек. Сонымен қатар адамдардың әр санаты үшін қолайлы өлшемдегі көйлек жасау керек. Бұл тапсырма класстерлік тапсырмасы деп аталады.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.«Сиқырлы орам» әдісін орындайды.
3.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
4.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Дескриптор:
-Қызықты факт, оқиға, технология айтады.
Мұғалімді тыңдайды
Мұғалімді тыңдайды
|
Қолмен бағалау
|
10 сынып оқулығы, жұмыс дәптері, презентация, интерактивті тақта
|