Саликова Айгуль Абдрешовна
Технология пәні мұғалімі
«Майбалық жалпы орта білім беру мектебі»КММ
Технология 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мата құрылымын салыстыру
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқлы меңгерту, мата шығару туралы түсінік беру
Тәрбиелік: оқушылардың көркемдік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып , шығармашылық көз-қарастарын қалыптастыру
Дамытушылық : мектептегі еңбекке баулу және технология пәндеріндегі мата шығару және өңдеу сабақтары жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалау әдістерімен таныстыру
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту, сұрақ-жауап, тест әдісі
Сабақтың әдісі : Топпен жұмыс, компьютермен жұмыс
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу , химия, физика
Сабақтың көрнекілігі: Тірек- сызбалар, Компьютерлік слайдтар. Тапқырлық ойыны Суреттер
ІІІ. Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой толғау ойыны»
Мақта –неше жылдық өсімдік?
Мата –қандай талшықтан тұрады?
Мақтаның құрылымы?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аудару.
ІV. Жаңа сабақ
Жоспары:
1.Тірек-сызбалармен жұмыс
2.Танымдық жұмыс
3.Өзара оқыту әдіс
Мата шығару
Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы –талшықтардан жіп жасау. Тоқыма фабрикасына түскен талшықтарды арнайы машиналарда қопсытады, қоқыстардан тазартады, тарады. Таспаны тегістеп, сәл айналдырады да, босаң жіп алады.
Тоқыма машиналарында ұршықтың көмегімен оны иіреді дайын болған жіпті арнайы шөріктерге орайды.
Талшықтан жіп шығару процесін иіру деп атайды. Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жіп, ал көлдеңінен жатқан жіпті арқау жіп деп атайды.матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін-матаның жиегі дейді.
Матаны алу процесін тоқу деп атайды.
Матадан жіптің әр түрлі айқасу жолдарын байқауға болады, cоның ішінде ең жай түрі- кездеме тоқу.
Тоқыма станоктарынан алынған маталарды өңдейді, тазалайды, ағартады, бояйды және өрнек салады.
Матаның екі жақ беті бар: оң және теріс.
Ү.Сабақты қорытындылау
ҮІ.Үйге тапсырма беру
Достарыңызбен бөлісу: |