Сабақтың тақырыбы: Математикалық ойындар Сабақтың мақсаты


«Көкпар» есептер шығару әр топқа 3 есептен беріледі (3 минут уақыт беріледі)



бет3/4
Дата20.10.2023
өлшемі19,68 Kb.
#187083
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Математикалық ойындар 4 сынып

2. «Көкпар» есептер шығару әр топқа 3 есептен беріледі (3 минут уақыт беріледі)
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Есептерді қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Алғырлар»
1.Минут арқылы өрнекте:
1 сағ 5 мин =
1 сағ 12 мин=
1 сағ 40 мин =
2.Күрделі теңдеуді шешу.
350+х=210+680
3. Шаршының қабырғасы 5 см . Оның периметрін тап.
«Тапқырлар»
1.Ай арқылы өрнекте:

1 жыл 1 ай=
1 жыл 10 ай=
1 жыл 7 ай=
2.Күрделі теңдеуді шешу.
860-у=210+230
3.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 5 см,ал ені 2 см . Тіктөртбұрыштың периметрін тап.
3-кезең: Ребустар шешу әр топқа 3 ребус беріледі.
Ұяшықтар таңдау арқылы ребустар шешу.
10 20 30



40 50 60



4. Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз:
(Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)
«Алғырлар» тобына
1.
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
2. 6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
3. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
«Тапқырлар» тобына
1.11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
2.Қолымда 55 алма
5 - ін бердім апама,
5 - ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
3.100 асықтың 30 - ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)
Мұғалім:- Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет