Сабақтың тақырыбы: «Мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері»



бет24/29
Дата14.12.2021
өлшемі39,01 Kb.
#127235
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Педагогика лекциялар 4 тарау

Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:

1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;

3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;

5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).



«Қалай оқу керектігін үйрену» «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады.

Өз жұмысының нәтижесінде Флейвелл (1976) метатануды өлшеудің үш құрылымын (өлшемдерін) сипаттай отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін анықтады:

білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі;

мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау;

тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оларды бақылау.

Бірінші өлшем жеке білімге қатысты: өзін оқушы ретінде тани отырып, бала, мысалы, өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды.

Екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған, ол оқушының өз мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді.

Үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды. Оқушылардың орындауы қажет тапсырманы анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен тапсырманы орындау жоспарын құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдердің салыстырмалы түрдегі тиімділігі бағаланып, оқушылар өз әрекеттерін түсіндіреді.

Педагогикалық үдерісте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені, терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет