Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру



бет2/3
Дата11.02.2023
өлшемі136,85 Kb.
#168359
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

Write (‘text’, a,b,…),
Мұндағы text – апострофқа алынған ( сыңар тырнақшалар) кез келген мәтінді экранға қалай терсеңдер, солай шығады;
а,в – айнымалылар, программаның орындалу барысында экранға айнымалылар дерегінің мәні шығарылады. Егер айнымалылар бірнеше болса, онда үтір арқылы жазылады.

.
Writeln операторының жалпы түрі дәл осылай анықталады.
Бұл оператор меңзерді жаңа жолға көшіру үшін программада параметрлерсіз (бос) қолдануы мүмкін

Read (a,b,c)
Мұндағы a,b,c – айнымалылар. Мәліметтерді енгізу борс орын арқылы жүзеге асырылады.
Readln (a,b,c)
а,b,c – айнымалылар. Мәліметтерді енгізу Enter арқылы жүзеге асырылады.
Қолданушы айнымалылар мәнін сұраныс жасау үшін Read және Readln енгізу операторларын қолданылады.


Экранды тазалау
Экранды тазалау және программаны таза экранда орындау үшін операторлар бөлімінде begin сөзінен кейін экранды тазалаудың стандартты операторы ClrScr (Clear Screen) бастау керек. Бұл процедура Crt модулінде орналасады, сондықтан Uses бөлімінде қосу керек. Мысалыда модельді қосу мен экранды тазалау процедурасын қолдануын қарастырайық

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1-тапсырма
Екі санды қосу, азайту, бөлу және көбейтудің программасын жазыңдар.

2-тапсырма
Төрт Integer типі бар айнымалының мәнін (A,B,C,D) сұрайтын және оның қосындысын шығаратын программа жазыңдар. Бірінші (A,B) мәндер жұбын бір жолда, басқа жұпты (C,D) – басқа жолда енгізіңдер. Нәтижесін басқа қатарда шығарыңдар және меңзерді сол жолда қалдырыңдар.

В деңгейі
1-тапсырма
Writeln операторын қолданып, экранда үйде бейнелейтін программа жазыңдар. Үйге өз тектеріңді жазып қойыңдар. Енгізу операторының көмегімен тектеріңе сұраныс жасатыңдар.



V. Дәптермен жұмыс
2-тапсырма қалдырып кеткен бұйрықтар атауын жаз:
....... және ....... операторлары бұйрығын орындау айырмашылығы мынада: енгізу орындалғаннан кейін ..... операторы бойынша меңзер жаңа жолдың басына ауыстырылады, ал ...... операторында бұл орындалмайды. Экранды тазалауды және таза экранда программаны орындауды ...... сөзінен кейін ....... стандартты әрекетінен соң бастау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет