Сабақтың тақырыбы: «Мен елімнің ертеңімін»



бет1/4
Дата21.07.2020
өлшемі78 Kb.
#63549
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: «Мен елімнің ертеңімін»
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды саяси саналылыққа ,достыққа, адамгершілікке, саналылыққа,

елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.


ә) Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға

қалыптастыру.


б) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету. Отанды сүюге, ата заңымызды

қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Қ.Р. картасы. Видиофильм «Қазақстанның гүлденуі»,сандықша
Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.
Тәрбиелік байланыс: Ақыл – ой тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесі.
Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен елімнің -ертеңімін».

Бүгінгі айтылар ән де, әңгіме де туып-өскен жеріміз- отанымыз Қазақстан туралы болмақ.

Отан- адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны Қазақстан республикасы. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Отанын шексіз сүйіп, оны қасиетті туындай қастерлеу әрбір адамның парызы.

Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың  қағазға жазыңдар.(2мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).



Мұғалім «Отан деген не?Отан неден басталады?» деген сұрақтарға түсінік ағашының көмегімен оқушылар ой,пікірлерін айтады, қорытындылайды.


Отан

Отбасы
Әнұран орындалады



(мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)
2. Блиц – турнир сұрақтары: «Кім көп біледі?»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
1-топ.
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігің алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
2. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана)
3. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
шектесетін тәуелсіз мемлекет. (Қазақстан Республикасы)
4. Отан үшін отқа түс ......... (күймейсің)
5. Елтаңба авторы (Жандарбек Мәлібеков)
1. Еркіндік қыраны шарықта
Елдікке шақырып, бірлікке ...
Қандай әннен алынған үзінді? (Қазақстан Республикасының әнұраны)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
3. Қазақстан Республикасының президенті (Н. Назарбаев)
4. Отан ..... – (отбасынан басталады)
5. Сенің ана тілің (Қазақ тілі)
Жүргізуші: Балалар, сендер жаңа өз сөздеріңде: «Менің Қазақстаным – Менің
болашағым» дедіңдер. Ал болашақ кімнің қолында?
Оқушылар: Қазақстанның болашағы біздің қолымызда.
Жүргізуші: Ия, осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері сендер қандай болуларың керек?

Болашақ иелері


өнерлі ержүрек

Білімді жас Білікті маман Ұлтжанды азамат





Қазақстанның болашағы сендерге,оқушыларға,өскелең ұрпаққа байланысты



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет