Сабақтың тақырыбы Мен және менің Отаным Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет27/35
Дата11.09.2023
өлшемі152,56 Kb.
#180710
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Наурыз келді, алақай!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу;
1.2.1.2 қарапайым музыкалық шығармашылық жұмыстарды шығару

Сабақтың мақсаты

Наурыз мерекесі туралы түсінік алады, тақырыпқа байланысты жаңа ән үйренеді, «Өлең шығару» шығармашылық ойынына және ұйымдастырылған концерт-сабақта сыныппен бірге қатысып, белсенділігін танытады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Баға-лау

Ресурстар

Басы

1-тапсырма. Ойтолғау.
Наурыз-жыл басы. 22 наурызда күн мен түн теңеледі.
-Наурыз мерекесін сен қалай тойлайсың?
-Басқа мерекелермен салыстырғанда оның ерекшелігі неде деп ойлайсың?

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз туралы ақпарат алады, өз түсінігін айтады.




«Музыка» оқулығы Наурыз мерекесі туралы қызықты деректер

Ортасы

2-тапсырма. Әнді орындау.
Наурыз
(Өлеңін жазған:М.Сарынов, әнін жазған:Б.Есдәулетова)
Ән үйрету әдістемесі бойынша үйретіледі. Алдымен мұғалім ән туралы ақпарат береді. Әннің мазмұны бойынша оқушлармен әңгімелеседі. Тағы бір рет тыңдатады, одан кейін әнді үйретеді.

  1. Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Қайырмасы:
Наурыз, наурыз, наурыз – жыл басы,
Наурыз, наурыз – бақыт жалғасы.
Наурыз, наурыз, наурыз – жыл басы,
Наурыз, наурыз – бақыт жалғасы.
Тапсырма мен сұрақтар:
-Әнді мұғалімнің талабы бойынша үйрен.
-Әннің мазмұнына және көңіл күйіне қарай сыныппен бірге мәнерлеп айт.
-Неге Наурыз мейрамын «жаңа жыл» деп атайды?
-Наурызды қазақ халқы қалай қарсы алады?
-Наурызда адамдар бір-біріне қандай тілектер айтады?
2)Сабақ-концерт: «Наурыз – жыл басы»
Осы сабақтың екінші жартысы сабақ-концерт түрінде өткізілді.
-Оқушылар концерттің атын ойлап табады (Мысалы: «Наурыз мерекесіне музыкалық сыйлық»)
-Үшінші тоқсан бойынша үйренген әндерден концерт бағдарламасын құрастырады.
-Концертке белсенді қатысып, өнерлерін көрсетеді.
(Оқушылардың қалауы бойынша концерт нөмірлерін: ұжыммен, топпен, жұппен және жеке айтқызуға болады. Сүйемелдейтін музыкасына мұғалім жауап береді)
3-тапсырма. Шығармашылық.
Өлең шығару (ойын)
1.Мұғалім сыныпты ойын шартымен таныстырады. Оқушылар топпен бірге талқылап, «Наурыз» әнінің екінші шумағын шығарады. Тақтада шумақтың үлгісі жазылу керек. Әр топ әннің ырғағын сақтап, дұрыс деген сөздерді ұйқастырып қосады.

Мұғалім орындап берген әнді үйренеді.

Наурыз мерекесіне байланысты сабақ- концертіне қатысады, белсенділігін


«Өлең шығару» шығармашылық ойынына қатысады, өз мүмкіндігін сынайды.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
Наурыз
(Өлеңін жазған: М.Сарынов, әнін жазған: Б.Есдаулетова)



Соңы

Оқушылар сабақ соңында өздерінің іс-әрекетін рефлексия негізінде бағалайды.
Бағалау.
-Бүгінгі сабақ қалай өтті?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-«Наурыз» әнін қалай орындадым?
-Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды?
-Наурыз мейрамы туралы мен не білдім?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.




«Бағдаршам» әдісі туралы

Сабақты қорытындылау.








Оқу ісінің меңгерушісі.: Оразымбетов Б.

Пәні: музыка . Бөлімі:

Тағам мен сусын

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні

08.04.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет