Ұйымдастыру
шылық- іздену
шілік
|
Балалардан адамдардың табиғатты бақылауы не үшін қажет екендігі туралы ойланып жауап берулерін өтіну.
Сұрақ -жауап: Жанды және жансыз табиғатқа не жатады?
Жануарлар неге жабайы және үй жануарлары болып бөлінеді?
Күн неге жарқырайды?
Кемпірқосақ қай мезгілде пайда болады?
Өсімдіктің тіршілігі үшін не қажет?
Суретпен жұмыс:
Тәрбиеші: Балаларға сурет арқылы бақылаудың мәнін түсіндіру. Рефлексия кезеңінде берілген мақсатқа оралып отыру. Балаларға адамдардың бір нәрсені білуге құмарлығының нәтижесінде қоршаған ортадағы көптеген заттардың адам қолымен жасалатынын түсіндіру.
Бір нәрсені білу, үйрену – бұл адамның бойындағы ең жақсы қасиет. Адам ерте кезден-ақ табиғатты бақылап, білімін жетілдіріп, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп отырған.
Жанды табиғат- живпррода -wildlife
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көруді ұсыну.
ліппе-дәптермен жұмыс.
Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен әңгіме құрастыруға тапсырма беру.
Сергіту сәті.
Жаңбыр жауды себелеп,
Қолыма шатыр ұстаймын.
Күшті-күшті жел соғып,
Шатырымды ұшырар.
Әліппе-дәптер. Табиғат аясында іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдардың суреттері.
Адамдардың табиғат аясында қалай жұмыс істейтінін, тәжірибелік жұмысты қайда өткізетіндігін болжамдау.
|
Балалардын жауабы.
Сурет бойынша өз ойларын айтады.
Сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтады.
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көрді.
Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен әңгіме құрастырады.
Қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
|
Рефлексивтік бағалау.
|
Қорытынды:
Қорытынды жасай отырып: балалар мына түсініктерді ұғынуы қажет:
Табиғат – күн, ауа, жер, су, өсімдіктер, жануарлар. Қоршаған дүние – айналадағы табиғат және адамдар жасаған заттар. Бақылау – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын танып білу. Бақылаушы – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын арнайы танып білуші адам. Тәжірибе – бұл табиғат құбылыстары мен заттарды танып-білудің әдіс-тәсілдері.
Балалар жеке немесе топ болып жұмыс істейді. Балаларға қорытынды жасауға көмектесу.
Балаларға сабақта өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: колбаны әртүрлі түспен бояйды. 1-деңгей – ештеңе түсінбедім. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. 3-деңгей – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын.
|
колбаны әртүрлі түспен бояйды. 1-деңгей – ештеңе түсінбедім. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. 3-деңгей – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын.
|