10 -сынып
|
Уақыты
|
17.11.2015
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менделеев – Клапейрон теңдеуі
|
Мақсаты
|
Идеал газ күйінің теңдеуі туралы түсінік қалыптастыру
Термопараметрлердің қолданылуы
Авогадро және Дальтон заңдарын түсіну
|
Жұмыс нәтижесі
|
Идеал газ күйінің теңдеуі туралы түсінік қалыптастырады.
Изопроцестерді ажырата алады.
Газдардың техникада қолданылу аясын біледі
|
Сілтеме
|
слайд кеспе қағаздары, постер, бағалау парақтары, стикерлер, сергіту.
|
Негізгі идеясы
|
Идеал газ күйінің теңдеуін біледі.
|
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
|
Миға шабуыл, ашық тапсырмалар
|
Ресурстар
|
10- сынып әдебиет оқулығы, МАН
|
Сабақтың өтілетін уақыты
|
45 минут
|
Сабақ жоспары
|
Ұйымдастыру:
Сабақ барысы:
Сергіту сәті
Рефлексия
Үйге тапсырма
|
Үйге тапсырма
|
1.9 есептер жинағынан есептер
|
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
Идеал газ күйінің теңдеуін қорыту.
Газ заңдары.
Изопроцестер және олардың графиктері.
Газдың қандай күйде тұратынын білу үшіноның термодинамикалық параметрлерін, яғни қысымды, температураны, көлемді білу қажет. Термопараметрлердің біреуінің өзгерісі, оның басқа параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғады. Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады. , мұндағы R=k*NA=8,31ДжК*моль– универсал газ тұрақтысы деп аталады. Бұл теңдеу Менделеев–Клапейрон теңдеуі деп те аталынады.
Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екеуінің арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңдарды газ заңдары деп атайды.
Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады.
1. Изотермиялық процесс. Ағылшын физигі Р.Бойль 1662 ж. және оған тәуелсіз француз физигі Э.Мариотт тәжірибе жүзінде тұрақты температура кезінде газдың берілген массасы үшін оның қысымының газ алып тұрған көлемге көбейтіндісі тұрақты шамаға тең болатынын тағайындады, яғни pV=const немесе p1V1= p2V2. Бұл заң Бойль–Мариотт заңы деп аталады.
2. Изобаралық процесс. Француз физигі Гей–Люссак 1802 ж. тәжірибе жүзінде тұрақты қысымда газдың берілген массасы көлемінің температураға сызықты тәуелді болатынын тағайындады, яғни немесе . Бұл заң Гей–Люссак заңы деп аталады.
3. Изохоралық процесс. Бұл процесті француз физигі Ж.Шарль зерттеген. 1787 ж. ол тәжірибе жүзінде тұрақты көлемде берілген газ массасының оның температурасына тура пропорционал болатынын тағайындады, яғни немесе . Бұл Шарль заңы.
Авогадро заңы Температуралары және қысымдары бірдей кез-келген газдардың бір молінің көлемдері де бірдей болады.
Қалыпты жағдайда () кез-келген газдың 1 м3 көлемінде молекула болады. Бұл сан Лошмидт саны деп аталады.
Клапейрон теңдеуі. 1834 жылы француз ғалымы Клапейрон Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіре отырып, (р,Т,V) параметрлерінің үшеуі де өзгергенде жүретін процестерді сипаттайтын теңдеуді алды. Бұл теңдеу Клапейрон теңдеуі деп аталады.