Сабақтың тақырыбы: Менің арманым Мақсаты


ЭССЕ Тақырыбы: «Мен осы мамандыққа, лайықтымын!»



бет9/13
Дата05.02.2022
өлшемі186,43 Kb.
#18991
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ЭССЕ
Тақырыбы: «Мен осы мамандыққа, лайықтымын!»
Мен лайықтымын ақылдымын абзал жанмын
Арманның қиялынан таңдағанмын
Ұстаз” деген ұлы істің мәнін біліп,
Өміріме діңгек қып таңдап алдым. деген
жүрекжарды ұстаздық ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарыммен бастауды жөн көріп отырмын.
Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің өміріңе бағыт берген, кәсібімді үйреткен, тіршілігіме нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!
«Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан мұғалімдік мамандықты таңдап, Арқалық қаласына Торғай гумманитарлық колледжге оқуға түсіп, колледжіні бітіргенен кейін, сол қалада Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтта жоғарғы оқу орнында білім алдым. Мұндағы өткен 3 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Қолыма диплом алып, мұғалім мамандығын алып, мен мектепте, бастауыш сыныптарға дәріс бере бастадым. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтын деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек. Мен өз әріптестерім арасынан Бекейқызы Жансәулені ұстаздық тәжірбиесін өзіме үлгі етемін.
Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек. 
Осы маманға лайықтылығымның айнасы ретінде, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мына көрсеткіштерімді атап өткім келеді.
Өзімнің алдағы 3-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім. Мектепішілік, аудандық білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін реитінгілер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болдым.Оқушыларым облыстық «Ақ бота» интелек туалдық ойындарға қатысып отырады. 2012 жылы оқушым Халел Еділ ІІ –аудандық Кіші пән Олимпиадасына қатысып, ІІ –орынға ие болды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20жұлдызды шыңы» бағдарламасы аясында өткізілген «Ауылым алтын бесігім» атты аудандық өнер байқауында I-орын, «Менің сүйікті ертегім» атты аудандық конкурста II-орын, сыныбым оқушылары 2009 жылғы аудандық «Праменад шоу» би конкурсында Қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорға » биімен 1-ші орынға ие болды.
Осы жұмыс істеген жылдарымда Мектепішілік рейтінгі бойынша 2009-2011 жылдары «Жоғарғы білім сапасы үшін» І орынға ие болдым, «Тәрбие жұмысының рейтингісі бойынша» екі жыл қатарынан І орынмен марапатталдым.
Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».
«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».
Абшукирова Айгерим Жексембаевна
Педагог- психолог, Бершүгір орта мектебі
Шалқар ауданы, Біршоғыр стансасы
 

Қысқа мерзімді сабақ жоспарлар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет