Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу



Дата21.04.2017
өлшемі94,31 Kb.
#14390
түріСабақ
Ш.Уәлиханов атындағы №12 көп салалы гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекжанова Жанат Садуқызы
Ашық тәрбие сағаты

11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

Сабақтың түрі:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)


Жүргізуші I: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп

тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке -

менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

Жүргізуші II: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар

тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға

сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

Жүргізуші I: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Жүргізуші II: Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,

бір кісідей мандай терін төккен жер!



Жүргізуші I: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен

ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы

менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!

Жүргізуші II: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!

Жүргізуші II: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла

шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

(Аккулиев Әділбек пен Керімқұлова Айжанның орындауында «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)

Жүргізуші I: 1990 жыл ...

24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.

25 қазан. « Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекетті.

Жүргізуші II: 1991 жыл ...

1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Оқушы: Елің үшін қуанғын және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын!

Жүргізуші I: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті

Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып

жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының

өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.

( Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақстан - қасиетті Отаным» әні орындалады.)
Жүргізуші II: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).




Жүргізуші I:

Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!

Құт күшім –егемендік иелігім,

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.

( Аяулымның орындауында «Егемен елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі )



Жүргізуші II: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан

тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның

Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және

амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба

үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.
Оқушы I : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

Шалқалап сол биіктен көрген кісі.


Оқушы II: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.


Оқушы I: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.


Оқушы ІІ: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын!

(Аккулиев Әділбек пен Бөденбаева Меруерттің орындауында «Атамекен»әні. Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері мен қалалары көрсетіледі.)
Жүргізуші I: 1992 жылдың 29 қырқүйегі мен 3 қазаны

аралығында Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүние- жүзілік құрылтайы болып өтті.

Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия ,Иран,

Монғолия, АҚШ, Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан

астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл

конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы

үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін калпына келтіру және көтеруге ықпал етті.

Жүргізуші II: 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы

Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан

өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша

өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.



Жүргізуші I: 15 қарашада Қазақстан Республикасының

халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді.

(Байымбетов Ернар мен Аманова Гаухардың орындауында ән «Өз елім». Әні П.Тілеңдиевтікі, сөзі Қ.Мырзалиевтікі )

Жүргізуші II: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел

тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!

Көрейін бақытымның азаттығын,

Таңымды тамылжытқан бостандықтан,

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,

Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.

Байрағым желбіреп тұр биіктерде,

Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!

(Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақ биі».)



Жүргізуші I: 1997 жыл ... Жаппай қуғын –сүргін

құрбандары еске алу жылы! Миллиондардың жанындағы жарақатқа шипа болып, әділетке сенімді күшейті. Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып, демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті.

(Ақаев Махамбет. Құрманғазының күйі «Сарыарқа»)

Жүргізуші IІ: 1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп

келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты

көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдырын терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз

орнымызды деп басып,өз аяң – жөніндегі байыпты бағамдай

білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

Жүргізуші I: Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана!

Жүргізуші II: Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биыл қимылының ырғағы да, әнші көмейінің сыңғыры да сенсің, Астана!

( Аккулиев Әділбектің орындауында ән «Астана»)

Жүргізуші I: 1999 жыл ...Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы! Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді табандылықпен жалғастырудың бірден бір кепілі – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігіне көзімізді анық жеткізеді.

Жүргізуші II: Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.

Жүргізуші I: Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдық тоғысқан –2000 жыл мәдениетті қолдау жылы!

Жүргізуші ІI: Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.

Жүргізуші I: Тарихи жағымызды қалпына келтіріп, отандық сезімімізді қалыптастыру және әрі дамыту мақсатымен Халықаралық Абылай хан қоры, Қазақстан тарихи және мәдениеті ескеркіштерін қорғау қоғамы һәм «Алтын адам» қоры, Қазақстан тарихи негізінде «Ғасыр саңлағы», «Мыңжылдық саңлағы» атты акция өткізді.

Оқушы: «Мыңжылдық саңлақтары»


  1. Ахмет Иассауи

  1. Әз Жәнібек хан

  1. Мұхамед Хайдар Дулати

  2. Төле би

  3. Қазыбек би

  4. Әйтеке би

  5. Абылай хан

  6. Құрманғазы

  7. Шоқан Уәлиханов

  8. Абай

Оқушы: «ХХ ғасыр саңлақтары»

  1. Әлихан Бөкейханов

  1. Ахмет Байтұрсынов

  1. Дина Нұрпейісово

  2. Мұхтар Әуезов

  3. Қаныш Сәтпаев

  4. Бауыржан Мамышұлы

  5. Дінмұхамет Қонаев

  6. Нұрсұлтан Назарбаев

  7. Олжас Сүлейменов

  8. Тоқтар Әубәкіров


Жүргізуші ІI: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–15жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он бес жылда өттік.
Жүргізуші II: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып,

әлемдік қауымға ендірді.



Жүргізуші I: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп,

барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.



Жүргізуші II: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді,

халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,

бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды.

Елміз өркениетті замана ағысына қосылды.



(Сол кезде сахнаға Елтаңба мен байрақты қөтеріп, екі оқушы шығады. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Әні III. Қалдаяқовтікі, сөзі Ж.Нәжімединов және Н.Ә.Назарбаевтікі.)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет