Қысқа мерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Менің балабақшам
Бөлімі: Қазақ тілі
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Ахметова А.К
|
Күні:
|
05.09.2023ж
|
Сыныбы:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Менің балабақшам
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
|
Мақсаты: балаларды өз балабақшасы туралы әңгімелей білуге үйрету.
Білімділік міндеті: балабақша туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән.
дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: білімпаздыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, диалогке қатысады. Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Қолданады: сөйлемдер құрайды, сұрақтарға жауап береді.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
біздің балабақша – наш детский сад, әдемі – красивый, кең – просторный, жарық – светлый, таза – чистый.
|
|
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сәлеметсіздерме? балалар. Келіңдер сендермен көңіл күйі әдісін орындайық
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым. Шеңберге тұрайық, Жұлулық сыйлайық. Жарайсыңдар, балалар, көңіл – күйлерің жақсы болса орнымызға отырайық.
|
Балалар мұғалімның іс –қыймылдарын қайталайды
|
жарайсыңдар
|
|
Сабақтың ортасы
|
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бірге амандасайықшы. – Сәлеметсіз бе!
Қуыршақтар: Сендерге қазақ тілін үйренуге көмектесеміз,
Дидактикалық ойын:«Танысу». Балалар аттарын айтып, қуыршақпен танысады.
– Сенің атың кім?
– Менің атым – Рома.
– Менің атым – Вика.
– Менің атым – Арлан.
2.Негізгі кезең
Жаңа сөздермен таныстыру. Демонстрациялық материалдармен немесе слайдпен «Біздің балабақша» жұмыс.
– Мынау – балабақша. (Айнаны қолымызға алып жаңа сөздерді қайталаймыз).
– Қ-қ-қ – бақ-ша – балабақша.
– Мынау не?
– Мынау – балабақша.
– Біздің балабақша әдемі, кең, жарық және таза. – Ә-ә-ә –
әдемі, ң ң ң кең, қ қ қ жарық, таза. (Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды).
– Біздің балабақша қандай?
– Біздің балабақша әдемі, кең, жарық және таза. Педагог дыбыстарды дұрыс дыбыстап айтуларын қадағалайды.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді қазақ тілінде айтады, балалар аударады.
біздің балабақша – наш детский сад
әдемі – красивый
кең – просторный
жарық – светлый
таза – чистый
Сергіту сәті.
Бір-бірімен сыйласты,
Тату жүрміз бәріміз.
Бал достықтың ұясы –
Біздің балабақшамыз.
Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала». (Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту, қима суреттермен жұмыс).
– Мынау кім?
– Мынау – қыз.
– Қыз қайда келді?
– Қыз балабақшаға келді.
1.Суретке қарап, балабақша туралы әңгімеле. Өзіңнің балабақшаң қандай? Балабақшада саған не ұнайды? 2.Балабақшаға баратын жолды тап. Қарындашпен сызып көрсет.
Педагог тапсырмаларды түсіндіреді. Жеке жұмыс жүргізеді
|
Қуыршақтың келгеніне балалар қызыға қарады, амандасты
Дидактикалық ойын арқылы балалар қуыршақпен таныстып өздерінің атын атап шықты
Сөздерді, сөйлемдерді жеке-жеке, хормен қайталап, дұрыс айтып жаттығады.
Аудармашы ойыны арқылы балалар дұрыс айтып жаттығады. біздің балабақша – наш детский сад
әдемі – красивый
кең – просторный
жарық – светлый
таза – чистый
Балалар сергіту сәтін жаттығуын жасайды іс –қыймылдарын қайталайды
Мәтінді мұқият тыңдайды, мұғалімнің соңынан қайталайды.
|
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдайды
Жақсы! Тамаша!
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдайды
|
суреттер
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау. Қуыршақтармен қоштасу. «Сиқырлы сандық» ойынымен сабақты кортындылайды
|
Мұғаліммен бірге ойын шартын сақтай отырып ойнайды.Балалар ойынға ерекше қызығушылық танытады,
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |