Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстаным Сабақтың мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі44,73 Kb.
#45389
түріСабақ
Пәні:География

Сынып:9ә,8ә,7а,6а.

Мерзімі:21.04.16

Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстаным

Сабақтың мақсаты:

 а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, слайд, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: 

 Қазақстан елі де кең, жері де кең,

Елімізде талай қазақ мекен еткен.

Бүгінгі Қазақстан тіптен бөтен,

Байлығы шалқып жатқан теңізге тең.

 Сары алтын боп сапырылған дәні бар,

Қара бұлттай қаптап жатқан малы бар.

Қазақстан – қазыналы бай өлке,

Қойнынан не керегі табылар.     

1- Оқушы: Тыңда жолдас,тыңда дала,тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

2- Оқушы:  Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман,  көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

1-Оқушы: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

2- Оқушы:Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей маңдай терін төккен жер!

1-Оқушы:    Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!

2-Оқушы: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

1-Оқушы:Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты  сан ғасырлық шерімен!

2-Оқушы:  Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

Ән: «Менің елім» әні орындалады.Бейне баян.

(Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)  

 Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар! «Менің елім-Қазақстан »атты кешке қош келдіңіздер!

1-Оқушы:      

      Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

         Мемлекет мерейінің сенген күші.

        «Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

         Шалқалап сол биіктен көрген кісі

     Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

       Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

      Мен сенің салтанатты сағатыңа,

      Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым-дей отырып,сайысымызды бастаймыз.Сайысқа 9ә,8ә,7а,6а -сыныптары қатысады.Әр сынып өздерінің дайындап келген презентациясын қорғайды. Ән:Көк тудың желбірегені.Бейне баян

2-Оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

                Отан дейміз кең байтақ астананы,

                Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

                 Отанның шеті де жоқ, шегі жоқ,

                 Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

1-Оқушы: Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туыс – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

2-Оқушы: Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Осы республиканың жас ұланы екенімді мақтан етемін. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарихи жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.

Сайысқа қатысушылар бағаланып,марапатталады.

Тәрбие сағатының соңында слайд көрсетеп,ән/Гүлнұр Оразымбетова«Туған жер-Атамекен» / тыңдатып қорытынды жасау. 

1- Оқушы: Тыңда жолдас,тыңда дала,тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!


1-Оқушы: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

1-Оқушы:    Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!

1-Оқушы:Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты  сан ғасырлық шерімен!

1-Оқушы:      

      Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

         Мемлекет мерейінің сенген күші.

        «Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

         Шалқалап сол биіктен көрген кісі

     Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

       Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

      Мен сенің салтанатты сағатыңа,

      Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым-дей отырып,сайысымызды бастаймыз.Сайысқа 9ә,8ә,7а,6а -сыныптары қатысады.Әр сынып өздерінің дайындап келген презентациясын қорғайды.

1-Оқушы: Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туыс – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
2- Оқушы:  Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман,  көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!
2- Оқушы:Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей маңдай терін төккен жер!
2-Оқушы: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

2-Оқушы:  Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

2-Оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

                Отан дейміз кең байтақ астананы,

                Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.



                 Отанның шеті де жоқ, шегі жоқ,

                 Ол бірақ өз үйіңнен басталады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет