Оқулықта берілген мәтінмен танысу.
Сұрақтарға жауап беру.
Тапсырмаларды жеке,жұптық,топтық ортада орындау.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Дәптермен жұмыс
Оқулықтағы тапсырма.
Жағдаятты шешу
· Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?
· Адамның дамуына не ықпал етеді?
· Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?
· Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?
«Көңіл- күйді бейнеле» жаттығуы
Берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді бейнелендер:
Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні;
Ренжіп тұрған адамның бет- әлпеті;
Қайғылы адамның бет- әлпеті;
Ашулы адамның бет- әлпеті;
Таңданған кейіп көрсету;
Өкініп тұрған адамның бет- әлпеті;
Қуанып тұрған адамның бет- әлпеті.
- Осы жаттығуды орындағанда қиын болды ма?
- Қандай көңіл- күйде болдындар?
- Жаттығу ұнады ма?
|