Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым Күні



бет22/37
Дата08.02.2022
өлшемі6,6 Mb.
#120846
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
ҚМЖ 2-сынып дүниетану (1)-1-1-1
СӨЖ №8.Әлемде трансгенді өсімдіктерді қолдану тиімділігі, СӨЖ №8.Әлемде трансгенді өсімдіктерді қолдану тиімділігі, №14 Тақырып.Сыра және солод өндіру технологиясы(сыраның органолептикалық көрсеткіштерін анықтау), Есеп
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
 Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
 Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз?
 Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.
 Біз қай тілде сөйлейміз? Әрине қазақ тілінде.
 Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме?Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(Суреттен көрсету)
 Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
 Балалар кейбір жаңадан келген балалар танығанымен толық білмеулері мүмкін, мен сендерге таныстырып өтейін.
 Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар.Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.


 Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.


Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.


Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.

Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні.Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған.Әні жазған Шәмші атамыз.


Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.

Қазақстан Республикасының


Мемлекеттік Гимні.

Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,


Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

1.Алтын күн аспаны,


Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қараашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!

2.Ұрпаққа жол ашқан,


Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар,
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет