2014-2015 оқу жылы ҚАУ жанындағы мектеп Қазақ тілі Оқытушы:Катенова М.К.
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті қалам.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алматы ,елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру;
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме, топтық жұмыс, слайд
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер
Пән аралық байланыс: география, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық, дәптер, қалам, сөздік дәптер)
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Негізгі сұрақ: Сенің сүйікті қалаңның ерекшелігі неде?
Миға шабуыл. Әр топқа сұрақтар беремін сол сұрақтарға жауап беріңдер:
1 – топ: Алматы қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
2 – топ: Қалада нелер бар?
Алматы қай сөзден шықты?
3 – топ: Алматы қай жылдарда астана болды?
Алматыда қандай таулар бар?
1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
Алматы туралы жалпы мәлімет
Әкімшілік-территориялық құрылымы: қала 8 ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау,Наурызбай. Тілі: қазақ, орыс.Этникалық құрамы: қазақтар - 53%, орыстар - 33%, ұйғырлар - 5%, татарлар - 2%, кәрістер - 2%, украиндықтар, немістер, қытайлар және т.б. - 5%. Діні: ислам (сүннет), христиан (православл, католик, протесттант), иудеи және т.б. Ақша бірлігі: теңге. Басты әуежайы: «Алматы» халықаралық әуежайы. Аумағы: 339,36 шаршы шақырым. Халық саны: 1 434 755 адам (2011 ж.). Ең биік нүктесі: қала теңіз деңгейінен 600-2220 м (ортасы 785 м) биіктікте орналасқан. Өнеркәсіп: ауыр, тамақ, жеңіл (тігін, мата), химия, электр жабдығын өндіру, қағаз өндірісі. Қызмет көрсету: туризм, сауда, қаржы. Климаты: континенталды. Қаңтар айындағы орташа температура: -1ºС. Шілде айындағы орташа температура: +23ºС. Жауын шашын орташа мөлшері: 653 мм.
2-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құраңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Грамматикалық түсініктеме: Бұл не? Алма қандай? Сын есімнің анықтамасын айтыңыз.
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын -сын есім деп айтамыз.
Глоссарий
қазақша
|
орысша
|
ағылшынша
|
көрікті
|
статный
|
handsome
|
сүйікі
|
любимый
|
favorite
|
әйгілі
|
известный
|
famous
|
өндірісті
|
производственный
|
industrial
|
әдемі
|
красивый
|
beautiful
|
мәртебе
|
статус
|
status
|
тарихи
|
исторический
|
historical
|
аймақтық
|
региональный
|
regional
|
көшу
|
переезжать
|
move
|
шағын аудан
|
небольшой район
|
a small area
|
біраздан бері
|
С некоторых пор
|
for some time now
|
Достарыңызбен бөлісу: |