Бөлім:
|
11.4B Ауыспалы металдар
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
11. 2.1.22 ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;
11.2.1.23 атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;
|
Сабақтың мақсаты:;
|
Барлық оқушылар үшін:
Атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Олардың атомдарының және иондардың электрондық конфигурацияларын сипаттайды
Кейбір оқушылар үшін:
Ауыспалы элементтердің тотығудың ауыспалы дәрежесін жазады
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|