Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен оттекті кесу. Сабақтың мақсаттары
1 2
Бақылау сұрақтары: Газ кесушінің жұмыс орнын қалай ұйымдастыруға болады? Кесушінің жалынын қалай реттейді және жандырады? Керосин кесу жалынын қалай жағады? Металл бетін кесуде газкесушінің жұмыс орнын қалай дайындайды? Металл бетін кесуде қауіпсіздік техникасының ережелері қандай? Металды қолмен оттекті оттекті кесу. Бұл тақырып бойынша материалдарды екіге бөліп қарастыруға болады: Бөліп оттекті кесу; Беттік оттекті кесу. Кіріспе сабақ барысында жұмыс орнын қалай дұрыс ұйымдастырлуы керек екендігі, кесудегі қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері туралы айтылады. Әсіресе, жартылай автоматты басқа жұмыс орнына тек оны токтан және де басқа газдан суығаннан кейін ғана тасымалдауға болатыны көрсетіледі. Бөліп оттекті кесу мына жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі: Жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, қолмен кескіштердің құрылымы және бөліп кесу процесінің жүргізу ережесі. Ацетелин оттекті кескіші. Керосинді оттекті кескіш. Пропан-бутан-оттекті кескіш. Нұсқаудың басында оқушыларға оттекті кесу тобының ішіне металды термиттік кесу кіреді, ол жалпы атпен атағанда «металды газбен кесу». Бұл топқа оттекті кесуден басқа оттекті-флюсті, оттекті-доғалық, ауалы-доғалы, плазмалы-доғалық және металдарды плазмамен кесулер жатады. Кейін газбен кесудің жұмыс орнының ұйымдастыруларының негізгі ережелері, оқушыларға қолдан кесетін кескіштердің қалай құрылғанын және оттегі бөлгішінің жүргізу процесінің ережелері туралы айтқан жөн. Мұнда оқушыларға оттекті баллондармен және бәсеңдеткіштермен жұмыс істеу ережелерін естеріне салу керек. Майлардың оттегімен қосылысына көп көңіл бөлу қажет. Кесу жұмыстарын орындағанда металдың көп шашырауы туады, сондықтан адам металдың ұшқындарынан күйіп қалуы мүмкін. Оқушылар керосинмен жұмыс істегенде мүштіктің кескіш басымен қосылу тығыздығын жақсы білулері керек, сол сияқты қосылысқан, бұралған жерлерден газ немесе сұйықтықтар өтпеу керек. Себебі, саңылау болған кезде керосин оттегі түтігіне өтіп кетуі мүмкін, ондай кезде жалын қайта соққы береді, болмаса жарылыс болуы мүмкін. Тілімшелерді кесу бөлгіштерін мынадай тәртіппен орындауға болады: тілімшелерді кесу, кесілген саңылауларды пісіруге жиектерді дайындау. Осыларды көрсетпес бұрын шебер оқушыларға кескіштің жалыны, жандырғыштың жалыны сияқты кескіш оттегінің ашық бұрандасында реттелмейді. Бұл мына жағдаймен түсіндіріледі: кесуші және қыздырушы оттекті кескіш бір түтікке түседі және кескіш оттегіні жібергенде кесу процесінде жалын оттегімен қосылады. Оқушылардың назарын кескіш оттегіне дұрыс қысым орнатуына аударту керек. Оны тәжірибеде көрсеткен артық болмайды, өте үлкен қысымда оттегі мөлшері үлкейеді және кесу өте анық болады. жүктеу/скачать 251,93 Kb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |