Миға шабуыл
3 минут
5 минут
10 минут
7 минут
10 минут
3 минут
2 минут
Екінші сабақ:
2 минут
5 минут
5 минут
5 минут
3 минут
15 минут
3 минут
|
Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар білімін актуализациялау.
-Мәтіндік есептерді шешу алгоритмін айтыңыз.
-Математикалық модельдеу дегенді қалай түсінесіз?
-Жұмысқа байлынысты есептерді шешуде нені маңызды деп есептейсіз?
-Концентрацияға байланысты есептердің математикалық моделін құрудың жалпы теңдеуін жазыңыз.
Алдыңғы меңгерілген білімді қайталау мақсатында оқушыларды үш топқа бөлу. Топтық жұмыс ұсыну
1-топ: «Қозғалысқа» байланысты есеп, №119.
2-топ: «Жұмыс өнімділігіне» байланысты есеп, №120.
3-топ: «Шеңбер бойымен қозғалысқа» байланысты есеп,№ 10. (тренажер)
Дескриптор:
мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі;
мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
концентрация,жұмыс өнімділігі, шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептерді шешеді;
Дұрыс жауапты таңдай алады. (егер екі түбір болса)
Жетістік критерийлері оқушыларға таныстырылады.
Топ оқушылары есепті шешу жолдарын презентациялайды.
Мұғалім тапсырма жауабының дұрыстығын бақылайды. Топ оқушылары өз пікірлерімен бөліседі.
Оқушыларға жалпы тапсырма, бір оқушы тақтада орындауы мүмкін.
Жұмысшы белгіленген уақытта белгілі бір мөлшерде деталь дайындады. Егер ол детальдарды күнделікті он деталь артық дайындаса, онда ол жұмысты 4,5 күнге ерте аяқтаған болар еді. Егер 5 детальды кем даярласа, онда 3 күн кешігіп аяқтар еді. Жұмысшы қанша деталь және неше күнде даярлады?
Дескриптор:
мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі;
мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
жұмыс өнімділігіне қатысты мәтіндік есептерді шешеді;
Дұрыс жауапты таңдай алады.
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалайды.
Оқушыларға кері байланыс беру, олардың рефлексиясын тыңдау.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын қайта еске түсіру.
Мағынаны ашу кезеңі
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдыңғы білімді еске түсіру
Сұрақтар:
Екі объект шеңбердің бір нүктесінен бір уақытта қозғала отырып, бірінші рет біреуі екіншісін қуып жетсе, онда сол сәттегі олардың жүріп өткен қашықтығы туралы не айтуға болады?
Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары қалай есептеледі?
Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары қалай есептеледі?
Мүмкін жауаптар:
«Шеңбер бойымен қозғалысқа» есептер шығару кезінде төмендегі жағдайларды ескеру қажет:
А) Екі объект шеңбердің бір нүктесінен бір уақытта қозғала отырып, бірінші рет біреуі екіншісін қуып жетсе, онда сол сәттегі олардың жүріп өткен қашықтығының айырмасы шеңбер ұзындығына тең.
В) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары формуласымен есептеледі.
С) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары ( формуласымен есептеледі.
Ұ
Мұғалім басшылығымен тақтада орындау
Мысал: №110
Дескриптор:
мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
ресурс бойынша тапсырманы орындайды;
сандардың разрядттық қосылғыштарға жіктелуін жаза алады;
Шартқа сәйкес есепті шешеді;
Есеп шешімінің шартты қанағаттандыратындығын зерттейді.
Тапсырманың орындалуын талдау, қолданылған формуланы негіздеу.
ЖЖ
Оқушыларға жұпта орындауға тапсырма беру.
№113-№119
Дескриптор:
мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
ресурс бойынша тапсырманы орындайды;
Теңдеулер жүйесін шешу әдісін біледі;
Есеп шешімінің шартты қанағаттандыратындығын зерттейді.
Мұғалім бақылауымен жұптар бір бірін бағалайды. Тақырыпты қорытындылау.
|
РРТ
Алгебра,9 класс. Ә.Н.Шыныбеков
Рустюмова И.П. пособие по математике 549 бет
Шыныбеков Ә.Н. алгебра, 9 класс
|