Сабақтың басы
0-5 минут
|
Миға шабуыл.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сіз нысандардың пішімдері туралы не білесіз?
- Олар қандай болады?
- Мәтіннің пішіні бола ма?
Ребусты шешіңіз және мәтіннің дизайны қандай терминмен аталатынын анықтайсыз.
Проблемалық мәселе тудыру.
Ребусты шешіңіз
(пішімдеу)
Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды.
Бағалау критерийлерін оқушылармен біріге отырып тұжырымдаңыз.
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
6-37 минут
|
Білімді жүйелеу
«Шабарман мен жылқы» ойыны
Балалар, қазір сіздерге кеспе парағын таратып беремін. Сіздер екіге бөлінесіздер. Бірінші топ сұрақтар жазылған қызыл кесте парағын алады, олар «Шабарман» болады. Екінші топ жауап жазылған жасыл кесте парағын алады, олар «жылқылар». Шабармандар сыныпта тыныш жылжып, өз атын табады, яғни олардың сұрағына дұрыс жауап беруі керек. 2 минуттан кейін барлық шабармандар өз орындарында болуы керек және олар өз аттарын табу керек. Шабармандар сұрақты оқиды, ал жылқы жауап береді.
|