Жер бетіндегі мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы түсінік беру, олардың маңызына, қызметіне тоқталып өту.
Табыс критерийлері:
Мезозой заманныдағы тіршілік туралы айтады.
Әр кезеңге сипаттама бере алады.
Түйінді идеялар:
Мезозой заманындағы тіршілікпен танысу.
Триас, юра және бор кезеңіндегі тіршіліктің дамуы.
Күтілетін нәтиже:
Жер бетінде тіршіліктің дамуы туралы біледі; Тіршіліктің дамуындағы негізгі эволюциялық өзгерістерге баға бере алады. Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды өз бетімен, топпен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, сабақ үстінде білім мен шеберлікті қолдана білуге үйрету.
Керекті-құрал жабдықтар:
Электронды оқулық, оқулық, флипчарт, жұмыс дәптері, түрлі түсті қаламсаптар, дәптер, стикерлер, интерактивті тақта, «Алма ағашы» макеті
Ой қозғау. Жіңішке және жуан сұрақтар қою арқылы өткен сабақтарды қорыту.
Жер тарихын зерттеуде қандай әдістер қолданылады? (геохронологиялық әдіс, радиоактивті изотоптар пайдаланылады)
Жер тарихы қандай замандармен ажыратылады? (жер тарихы – эонға, эон – заманға, заман –кезеңге, кезең – дәуірге, дәуір – ғасырға)
Неше эон болып бөлінеді және кімнің ұсынысы бойынша? (2, америкалық геолог-ғалым
Ч. Шухерттің)
Қандай болып бөлінеді? (криптозой: архей, протерозой)
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін «Жарнама» әдісін қолданамын. Жаңа тақырып бойынша топтарға мезозой абзацтары бойынша оқулықты оқуға, жұпта түсінгендерін бөлісіп, сосын топта талдауға тапсырма беремін. «Жеке ойлану – жұпта бөлісу – топта жинақтау – ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша «Жарнама» әдісі бойынша топ өздеріне берілген заманды жарнамалайды.
Сабақты бастамас бұрын ой қозғау ретінде мезозой заманы туралы видеоролик көрсету.
Оқушылар топ болып берілген тақырыпшаларды «жаранма» әдісін қолданып қорғайды. Топ мүшелері тақырыппен танысады, жұпта түсінгендерін бөліседі, топта талдайды.
Өздеріне берілген заман түрін жарнамалайды. Ең жақсы жарнама жасаған топ анықталады.
Мұғалім оқушылардың айтқандарын тыңдап, бағалауға тырысады.
Оқушылар бәрін түсіндіріп болғаннан кейін өздері бағалайды.